Қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации LG 49LB628V

Страница 41

Advertising
background image

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР 3

Өнімді қолданар алдында осы сақтық шараларын мұқият оқып шығыңыз.

• Теледидарды жəне қашықтан басқару құралын келесі орталарға

қоймаңыз:

- Тікелей күн сəулесі түсетін жер

- Ылғалдылық жоғары аймақ, мысалы, ванна

- Пештер жəне жылуды тудыратын басқа құрылғылар сияқты кез келген

жылу көзінің жанында

- Бу немесе май оңай əсер етуі мүмкін асхана есептегіштерінің немесе

дымқылдаушыларының жанында

- Жаңбыр немесе жел əсер ететін аймаққа

- Вазалар сияқты су ыдыстарының жанында

Əйтпесе, бұл өртке, электр тогының соғуына, дұрыс емес жұмыс істеуге

немесе өнімнің деформациялануына əкелуі мүмкін.

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР

АБАЙЛАҢЫЗ

• Өнімді шаң жиналатын жерге қоймаңыз.

Бұл өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.

• Штепсель – ажырату құрылғысы. Штепсель пайдалануға дайын күйде

қалуы керек.

• Қуат штепселін сулы қолмен ұстамаңыз. Оған қоса, сымның істікшесі

сулы болса немесе шаң басып тұрса, қуат штепселін толық құрғатыңыз

немесе шаңды сүртіп тастаңыз.

Шамадан тыс ылғалдылыққа байланысты сізді ток соғуы мүмкін.
• Қуат сымын жерге қосылған ток көзіне жалғаңыз. (Жерге қосылған

құрылғылардан басқа.) Сізді электр тогы соғуы немесе жарақаттануыңыз

мүмкін.

• Қуат сымын толық бекітіңіз.

Егер қуат сымы толық бекітілмесе, өрт шығуы мүмкін.

• Қуат сымының жылытқыш секілді ыстық заттарға тимеуін қадағалаңыз.

Бұл өрт туындауына немесе электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.

• Қуат сымдарының үстіне ауыр затты немесе өнімнің өзін қоймаңыз.

Əйтпесе, өрт шығуы немесе электр тогы соғуы мүмкін.

ҚАЗАҚША

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: