Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 9 мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу, 1 қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3614AOW

Страница 9: 2 қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес, 3 жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес, 4 тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Advertising
background image

4.9 Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу

2

1

Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып

қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін

тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан

алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да,

шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын

жоғары көтеріп қалыңыз.

Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы

жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа

салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан

кейін, себеттерді өз орындарына қарай

итеріңіз.

5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

5.1 Қалыпты жұмыс кезінде

естілетін шуыл

• Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы

аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе

көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі

мүмкін. Бұл дұрыс.

• Компрессор қосылып тұрған кезде,

тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да,

компрессордан сырылдаған, сондай-ақ

дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл

дұрыс.

• Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,

кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі мүмкін.

Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық

феномен емес. Бұл дұрыс.

• Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,

температура түймешесінің ақырын "сырт"

еткенін естисіз. Бұл дұрыс.

5.2 Қуатты үнемдеуге қатысты

ақыл-кеңес

• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан

артық уақыт ашып тұрмаңыз.

• Орта температурасы жоғары болса,

температура регуляторы ең жоғарғы

параметрге қойылса және тоңазытқыш

ішіне тамақ толтырылса салынса,

компрессор буландырғыш құралдың үстіне

мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса, температура

регуляторын құрылғы электр қуатын

үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі

көрсеткішке қойыңыз.

5.3 Жаңа тағамды тоңазытуға

қатысты ақыл-кеңес

Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық

заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз

• тағамның бетін жабыңыз не оны орап

салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса

• тағамды ауа оның айналасында еркін

айнала алатындай етіп орналастырыңыз

5.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Пайдалы кеңестер:

Ет (барлық түрлері) : полиэтилен қалтаға орап

көкөніс суырмасының үстіңгі жағындағы шыны

сөреге қойыңыз.

Сақтық мақсатында тағамды осылайша тек

бір, көп дегенде екі күн ғана сақтау керек.

Пісірілген тағамдар, суық тағамдар т.б.:

бұлардың бетін жауып кез келген сөреге

қоюға болады.

Жемістер мен көкөністер: бұларды мұқият

тазалап арнайы сөреге (лер) салу қажет.

Сарымай мен ірімшік: бұларды арнайы ауа

өткізбейтін сауыттарға салып не алюминий

қағазға не полиэтилен қалтаға орап,

мүмкіндігінше ауа өткізбеуге тырысу қажет.

Сүт бөтелкелері: бұлардың тығындарын

жауып, есіктегі бөтелке қойылатын қатарға

қою қажет.

ҚАЗАҚ

9

Advertising