Жұмыс жүйесі, Әркүндік қолдану, 1 қосу – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3614AOW

Страница 6: 2 өшіру, 3 температураны баптау, 1 жаңа тағамды мұздату

Advertising
background image

1

Жеміс тартпалары

2

Freshzone тартпасы

3

Шыны сөрелер

4

Ауамен үздіксіз салқындату

5

Шөлмек сөресі

6

Термоэлемент

7

Сары май сөресі

8

Есіктің сөресі

9

Шөлмек қоятын сөре

10

Мұздатқыш себеттер

11

Техникалық ақпарат тақтайшасы

3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

3.1 Қосу

Ашаны розеткаға сұғыңыз.

Температура түймешесін сағат бағытымен

бұрай отырып орташа температураға

қойыңыз.

3.2 Өшіру

Құрылғыны өшіру үшін температура

түймешесін "O" қалпына қойыңыз.

3.3 Температураны баптау

Температура автоматты түрде қойылады.

Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті

орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура

түймешесін суықтың төменгі деңгейіне

қарай бұраңыз.

• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін

температура түймешесін суықтың

максимум деңгейіне қарай бұраңыз.

Әдетте орташа суықтықты таңдаған

дұрыс.

Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін

құрылғының ішіндегі температураның

төмендегі жағдайларға:
• бөлме температурасына
• есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
• сақталатын тағамның мөлшеріне
• құрылғы орнатылған жерге байланысты

екендігін есте ұстау қажет.

Егер бөлме температурасы жоғары

болса не тағам тоңазытқыш ішіне

толтыра салынса және құрылғы

төменгі температурада тұрса,

құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның

қабырғасына қырау тұруы мүмкін.

Бұндай жағдайда түймешені жоғары

температураға қойып,құрылғы мұзын

қуатты көп шығындамай, өздігінен

еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

4.1 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату

мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды

ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін орташа

температураны өзгертудің қажеті жоқ.

Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз

келсе, температура түймешесін максимум

суықтыққа қою үшін жоғары параметрге

қойыңыз.

Бұндай жағдайда, тоңазытқыш

камерадағы температура 0°C

градустан төмен түсіп кетуі мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса,

температура түймешесін жылырақ

параметрге әкеліп қойыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі

камераға қойыңыз.

6

www.electrolux.com

Advertising