Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF6200LOW

Страница 14

Advertising
background image

Назарыңызда болсын!

Тексеріп көру алдында құрылғыны

тоқтан ажыратыңыз. Тетікті

бағдарлама таңбасы қосу/сөндіру

индикаторына келгенше бұраңыз.

Ақаулық

Ықтимал шешімі

Құрылғыны іске қоса алмадыңыз.

Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.

Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа

зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.

Бағдарлама басталмай тұр.

Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Start түймешігін басыңыз.

Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып

тұрса, оны ажыратыңыз немесе кері санақ

аяқталғанша күтіңіз.

Құрылғыға су құйылмай тұр.

Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.

Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының

өте төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл

ақпаратты жергілікті су ресурстары мекемесіне

хабарласып алыңыз.

Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп қалмағанына

көз жеткізіңіз.

Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып

қалмағанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыдан су ақпайды.

Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз

жеткізіңіз.

Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып

қалмағанына көз жеткізіңіз.

Тасқынға қарсы құрал қосулы.

Судың шүмегін жабыңыз да, қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

Тексеріп болғаннан кейін, бағдарлама тетігін

бағдарлама таңбасы ақаулық пайда болған

кезде жұмыс істеп тұрған бағдарламаға дөп

келгенше бұраңыз. Бағдарлама үзілген

жерінен бастап жалғасады.

Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

Егер басқа ақаулық кодтары көрініс берсе,

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

9.1 Егер жуу және құрғату

нәтижелері қанағаттанарлықтай

болмаса

Стакандар мен ыдыстарда ақ жолақтар

немесе көк дақтар пайда болған
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылады.

Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең

төменгі деңгейге қойыңыз.

• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда дақтар және

кепкен су тамшыларының ізі қалған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде

үлестірілген. Шайғыш затты үлестіру

мөлшерін ең жоғары деңгейге қойыңыз.

• Бұл жуғыш заттың сапасына байланысты

болуы мүмкін.

14 www.electrolux.com

Advertising