Ақыл-кеңес, Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу, Бағдарламаны біржола тоқтату – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF6200LOW

Страница 11: Бағдарламаның соңы, 1 су жұмсартқыш, 2 тұз, шайғыш зат және жуғыш затты пайдалану

Advertising
background image

Кешіктіріп бастау функциясы бар

бағдарламаны бастау

1. Бағдарламаны орнатыңыз
2. Delay түймешігін бағдарламаны 3 сағатқа

кешіктіріп бастау үшін басыңыз.
• Delay индикаторы жанады.

3. Кері санақты бастау үшін Start түймешігін

басыңыз.
• Start индикаторы жанады.

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде

есікті ашу

Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті

жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен

бастап жұмыс істейді.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде

кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтату

1. Start және Delay түймешіктерін Delay және

Start индикаторлары сөнгенше бірге

басып ұстап тұрыңыз.

2. Бағдарламаны бастау үшін Start

түймешігін басыңыз.

Бағдарламаны біржола тоқтату

1. Start және Delay түймешіктерін Start

индикаторы сөнгенше бірге басып ұстап

тұрыңыз.

Жаңа бағдарламаны бастар

алдында, жуғыш зат үлестіргіште

жуғыш заттың бар екеніне көз

жеткізіңіз.

Бағдарламаның соңы

Бағдарлама аяқталған кезде "соңы"

индикаторы жанады да, Start индикаторы

сөнеді. Құрылғыны 3 минут ішінде

сөндірмесеңіз, қосу/сөндіру индикаторы ғана

жанған қалпы тұрады. Бұл электр қуатын аз

тұтынуға көмектеседі.
1. Құрылғыны сөндіру үшін тетікті

бағдарлама таңбасы қосу/сөндіру

индикаторына дәл келгенше бұраңыз.

2. Судың шүмегін жабыңыз.

Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан

кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал

келеді.

• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін

үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.

• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су

тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-

аяққа қарағанда тез салқындайды.

7. АҚЫЛ-КЕҢЕС

7.1 Су жұмсартқыш

Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан

келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі

мүмкін минералдар өте көп мөлшерде

кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды

бейтарап етеді.

Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су

жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды.

Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан

маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс

жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс

мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.

7.2 Тұз, шайғыш зат және жуғыш

затты пайдалану

• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,

шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.

Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі

мүмкін.

• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат

ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай

құрғатуға көмектеседі.

• Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында

жуғыш зат, шайғыш зат және басқа

қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын

жеріңіздегі судың кермектігіне сай

келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің

орамындағы нұсқауларды қараңыз.

ҚАЗАҚ

11

Advertising