3 жібіту, 4 температура индикаторы, 5 есіктің сөрелерін орналастыру – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN2900AOX

Страница 7

Advertising
background image

Жаңа тағамдарды мұздату үшін параметрдің

орташа мәнін өзгерту қажет емес.

Дегенмен, тағамды жылдамырақ мұздату үшін

барынша суық температураны орнатқыңыз

келсе, температура тетігін ең жоғары мәнге

бұраңыз.

Бұндай жағдайда, мұздатқыш бөліктің

температурасы 0°C градустан төмен

түсуі мүмкін. Бұндай жағдай орын

алса, температура тетігін жылырақ

параметрге қойыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды астыңғы

камераға қойыңыз.

4.3 Жібіту

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды

қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа

арналған уақыттың шамасына қарай отырып,

оны тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан

алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты

ұзағырақ болады.

4.4 Температура индикаторы

Термоэлементті реттеу керек

Дұрыс температура

OK

Құрылғыны дұрыс басқаруға көмектесу үшін

тоңазытқышқа температура индикаторы

орнатылған.

Бүйір жақтағы белгіше тоңазытқыштың

ішіндегі ең суық аумақты көрсетеді.

Ең суық аумақ жеміс салынатын шыны сөре

мен көкөніс салынатын тартпадан бастап,

белгішеге дейін немесе белгішенің деңгейіне

қойылған сөреге дейін жалғасады.

Тағамның дұрыс сақталуын қамтамасыз ету

үшін температура индикаторында "OK"

жазуының көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.

Егер "ОК" жазуы көрсетілмесе, температура

тетігін суығырақ параметрге қойыңыз да,

температура индикаторын 12 сағат күтіп

барып тексеріңіз.

Құрылғыға жаңа тағам салғаннан кейін

немесе есікті ұзақ уақыт қайта-қайта

ашқаннан кейін, "ОК" жазуының көрінбей

қалуы қалыпты жағдай.

4.5 Есіктің сөрелерін орналастыру

1

2

Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды

орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі

биіктікке қоюға болады.

Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:

сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен

тартып шығарыңыз да, қажетті орынға

қойыңыз.

Ауа дұрыс айналып тұру үшін,

астыңғы есіктің үлкен сөресін

жылжытпаңыз.

ҚАЗАҚ

7

Advertising