Жұмыс жүйесі, Әркүндік қолдану, 1 қосу – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN2900AOX

Страница 6: 2 өшіру, 3 температураны баптау, 1 мұздатылған тағамды сақтау, 2 жаңа тағамды мұздату

Advertising
background image

1

Жеміс тартпалары

2

Шыны сөрелер

3

Шөлмек сөресі

4

Термоэлемент

5

Сары май сөресі

6

Есіктің сөресі

7

Шөлмек қоятын сөре

8

Мұздатқыш себеттер

9

Техникалық ақпарат тақтайшасы

3. ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

3.1 Қосу

Ашаны розеткаға сұғыңыз.

Температура түймешесін сағат бағытымен

бұрай отырып орташа температураға

қойыңыз.

3.2 Өшіру

Құрылғыны өшіру үшін температура

түймешесін "O" қалпына қойыңыз.

3.3 Температураны баптау

Температура автоматты түрде қойылады.

Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті

орындаңыз:
• суықтықты азайту үшін температура

түймешесін суықтың төменгі деңгейіне

қарай бұраңыз.

• суықтықты жоғары деңгейге қою үшін

температура түймешесін суықтың

максимум деңгейіне қарай бұраңыз.

Әдетте орташа суықтықты таңдаған

дұрыс.

Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін

құрылғының ішіндегі температураның

төмендегі жағдайларға:
• бөлме температурасына
• есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
• сақталатын тағамның мөлшеріне
• құрылғы орнатылған жерге байланысты

екендігін есте ұстау қажет.

Егер бөлме температурасы жоғары

болса не тағам тоңазытқыш ішіне

толтыра салынса және құрылғы

төменгі температурада тұрса,

құрылғы үздіксіз жұмыс жасап оның

қабырғасына қырау тұруы мүмкін.

Бұндай жағдайда түймешені жоғары

температураға қойып,құрылғы мұзын

қуатты көп шығындамай, өздігінен

еріп кетуіне мүмкіндік беру қажет.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

4.1 Мұздатылған тағамды сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт

пайдаланбай барып іске қосқан кезде,

тағамды камераға салмай тұрып, құрылғыны

кем дегенде 2 сағатқа қосыңыз.

Мұздатқыштағы себеттер оралған

тағамдарды дереу, әрі оңай тауып алуға

көмектеседі. Егер көп мөлшерде тағам

сақтағыңыз келсе, ауа айналымын жақсарту

үшін, орнында тұруға тиіс астыңғы себеттен

басқа суырмалардың барлығын алыңыз.

Үстіңгі сөрелерден басқа сөрелердің

барлығына есіктен 15мм шығып тұратын

тағамдарды салуға болады.

Мысалы, электр қуаты өшіп қалып

құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп кетсе

және электр қуаты, техникалық

параметрлер кестесінің

"температураның жоғарылау уақыты"

бөлімінде көрсетілген шамадан да

ұзақ уақыт жоқ болса, тағамды дереу

тауысу не пісіріп барып қайта

тоңазыту керек (салқындатқан соң).

4.2 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен

тоңазыған және мұздатылған тағамдарды

ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

6

www.electrolux.com

Advertising