4 электртоғына қосу, 5 қосылым сымын ауыстыру, 6 кіріктіріп орнату – Инструкция по эксплуатации Electrolux EGC93322NK

Страница 13

Advertising
background image

4.

Бұрағыштың көмегімен орағытпа

бұранданы реттеп бұраңыз.

A

A)

Орағытпа бұранда

• Табиғи G20 13 мбар немесе G20 20 мбар

газды сұйылтылған газға ауыстырсаңыз,

реттегіш бұранданы шегіне дейін

қатайтыңыз.

• Егер сұйылтылған газды G20 13 мбар

табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш

бұранданы шамамен айналымның 1/2 дейін

босатыңыз.

• Егер сұйылтылған газды G20 20 мбар

табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш

бұранданы шамамен айналымның 1/4 дейін

босатыңыз.

• Егер G20 13 мбар табиғи газды G20 20

мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш

бұранданы шамамен айналымның

шамамен 1/4-не дейін қатайтыңыз.

• Егер G20 20 мбар табиғи газды G20 13

мбар табиғи газға ауыстырсаңыз, реттегіш

бұранданы шамамен айналымның

шамамен 1/4-не дейін босатыңыз.

Назарыңызда болсын!

Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші

қалпына дейін жылдам бұраған

кезде, жалынның өшіп қалмайтынына

көз жеткізіңіз.

8.4 Электртоғына қосу

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

атаулы кернеу мен электрмен жабдықтау

түрінің жергілікті кернеу мен қуатпен

жабдықтау мәндеріне сай келетініне көз

жеткізіңіз.

• Құрылғы электр сымымен жабдықталған.

Оны техникалық ақпарат тақтайшасындағы

жүктемені көтере алатын дұрыс ашамен

жабдықтау керек. Ашаның сай келетін

розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.

• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден

сақтандырылған розетканы қолданыңыз.

• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол

жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан

тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып

суырыңыз.

• Құрылғыны ұзартқыш сыммен, адаптермен

немесе көп тармақты қосылым арқылы

қосқан кезде өрт шығу қаупі бар. Жерге

тұйықтау стандарттар мен ережелерге сай

іске асырылғанына көз жеткізіңіз.

• Қуат сымын 90° C градустан асатын

температурамен қыздырмаңыз.

Көк бейтарап сымның "N" таңбасы салынған

ағытпаға жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қоңыр

(немесе қара) фаза сымын "L" таңбасы бар

ағытпаға жалғаңыз. Фаза сымын үнемі қосып

қойыңыз.

8.5 Қосылым сымын ауыстыру

Қосылым сымын ауыстыру үшін тек H05V2V2-

F T90 сымын немесе осының баламасын

қолданыңыз. Сымның қимасының кернеуге

және жұмыс температурасына сәйкес екеніне

көз жеткізіңіз. Сары/жасыл түсті жерге қосу

сымы қоңыр (немесе қара) түсті фазалық

сымнан шамамен 2 см ұзынырақ болуға тиіс.

8.6 Кіріктіріп орнату

30 mm

55 mm

40-50 mm

min. 650 mm

490 mm

min. 450 mm

270 mm

Егер бірнеше 30 см өлшемді пештерді кішкене

қаптамаға қатарластыра орнату керек болса,

қызмет көрсету орталықтарынан жақтау

қапсырмаларымен қоса қосымша

тығыздағыштардан тұратын жинақты

алдыруға болады. Орнатуға қатысты

нұсқауларды жинақ орамынан таба аласыз.

ҚАЗАҚ

13

Advertising