Күту менен тазалау, 1 от алдырғышты тазалау, 2 мерзімдік техникалық қызмет көрсету – Инструкция по эксплуатации Electrolux EQW4111BOG

Страница 9

Advertising
background image

Шеңберлерге орнықсыз немесе майысқан

ыдыстарды қоймаңыз.

6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны тазалардан бұрын

сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.

Тазалау немесе күтіп ұстау

жұмыстарын жүзеге асырмас бұрын,

құрылғыны электр желісінен

ағытыңыз.

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны

бумен тазалағыш немесе жоғары

қысыммен тазалағыш құралдармен

тазаламаңыз.

Назарыңызда болсын!

Түрпілі тазартқыш, болат сымнан

жасалған ысқыш немесе

қышқылдарды қолданбаңыз, олар

құрылғыны бүлдіруі мүмкін.

Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін таба

қоятын тағандарды алып қоя тұруға болады.

Пештің үстін тазалап болғаннан кейін ыдыс

тағандарының дұрыс орнатылғанына көз

жеткізіңіз. Ыдыс тағандарын қайта қойғанда,

пештің шыны беті сызылып қалмас үшін абай

болыңыз. Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,

құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі

эмальмен қапталған жиектері өткір болуы

мүмкін. Қажет болса, қатып қалған дақтарды

тазартқыш қоймалжыңмен кетіріңіз.
Қоқысты тазалау:

1.

– Дереу тазалаңыз: балқыған

пластмасса, полимер үлдір, қант

қосылған тағам. Арнайы керамика

қырғышты қолданыңыз. Қырғышты

керамика бетке сүйір бұрыш жасай

отырып қойып, жылжыту арқылы

тазалаңыз.

– Мыналарды тазалауға кіріспес бұрын

пешті электр желісінен ағытып,

суытыңыз: әк дақтары, су дақтары, май

дақтары, металдың жылтыраған

дақтары. Шыны керамикаға немесе

тоттанбайтын болатқа арналған

арнайы тазартқыш құралдарды

қолданыңыз.

2.

Құрылғыны дымқыл шүберекпен, шамалы

сабын қосып тазалаңыз.

3.

Соңында, құрылғыны таза шүберекпен

әбден құрғатыңыз.

6.1 От алдырғышты тазалау

Бұл үлгі керамика от алдырғышпен және

металл электродпен жабдықталған. От

алдыру қиынға соқпас үшін осы құрамдас

бөліктерді таза ұстаңыз және оттықтағы

шілтер тесіктерінің бітелмегеніне көз

жеткізіңіз.

6.2 Мерзімдік техникалық қызмет

көрсету

Газбен жабдықтау түтігінің және, егер

орнатылған болса, қысым өтпелігінің күйін

тексеру үшін жергілікті қызмет көрсету

орталығына аракідік хабарласыңыз.

ҚАЗАҚ

9

Advertising