Иілмелі, металл емес түтік қосылымы, 2 инжекторларды ауыстыру – Инструкция по эксплуатации Electrolux EQW4111BOG

Страница 11

Advertising
background image

Газбен жабдықтау шлангы мен құрылғының

арасында тоқтатқыш тетік құрастырылғанына

көз жеткізіңіз.

Осы құрылғыға арналған мәндер техникалық

ақпарат тақтайшасында көрсетілген. Газ түрі

мен газ қысымы бойынша қазіргі мәндер

жапсырмада көрсетілген

Қолданыстағы ережелерге сәйкес тұрақты

қосылым сымдарын немесе тот баспайтын

болатпен қапталған иілгіш түтікті таңдаңыз.

Егер иілгіш металл түтіктерді пайдаланатын

болсаңыз, олардың жылжымалы бөлшектерге

жанаспауын немесе қысылып қалмауын

қадағалаңыз. Сондай-ақ пешті тұмшапешпен

бірге құрастырған кезде сақ болыңыз.

Бұл құрылғы жанған газ шығатын саңылауға

жалғанбаған. Бұл құрылғыны қолданыстағы

орнату ережелеріне сәйкес желіге қосу қажет.

Ауа ағынының дұрыс болуына ерекше назар

аударыңыз.

Құрылғының газбен жабдықтау қысымының

ұсынылған мәндерге сәйкес екеніне көз

жеткізіңіз. Реттелетін қосылым бұрандалы G

1/2" сомынының көмегімен ауқымды еңіске

бекітіледі. Бөлшектерін күш салмай бұраңыз,

қосылымды қажетті бағытта реттеп

орналастырыңыз да, барлығын қатайтып

бұраңыз.

A

B C

A)

Сомыны бар сүмбінің ұшы

B)

Тығыздағыш

C)

Бунақты келтеқұбыр

Назарыңызда болсын!

Орнату аяқталғаннан кейін әрқашан

сабын ерітіндісін пайдаланып

қосылымдардың тығыздығын

тексеріңіз. Тығыздығын тексеру үшін

отты ешқашан қолданбаңыз.

Иілмелі, металл емес түтік

қосылымы:

Егер қосылымды түгелдей оңай басқаруға

болатын мүмкіндік болса, иілгіш түтікті

пайдалануыңызға болады. Иілгіш түтікті

қапсырмалардың көмегімен мықтап бекітіңіз.

Сұйылтылған газ: резеңке түтік ұстатқышты

пайдаланыңыз. Әрқашан тығыздағышты

орнатыңыз. Содан кейін газ желісіне қосуды

жалғастырыңыз. Иілгіш түтік төмендегі

жағдайларда қолдану үшін дайындалады:
– ұзындығы 1500 мм-ден аспаса;
– ешбір жері жаншылмаса;
– оны тартып не бұрап майыстыруға

болмаса;

– ол өткір жиектер мен бұрыштарға

жанаспаса;

– оның күйін тексеру үшін оны оңай қарап

шығу мүмкіндігі болса.

Иілгіш түтіктің жақсы сақталғанын бақылау

үшін төмендегілерді тексеру керек:
– екі ұшында және ұзына бойында жарылған,

кесілген жерлер, күйген белгілері

болмауын;

– материал қатқылданбаған, керісінше,

серпімділігі дұрыс болуын;

– бекіткіш қапсырмаларды тот баспағанын;
– жарамдылық мерзімі өтіп кетпегенін.

Егер бір немесе бірнеше ақаулығы байқалса,

түтікті жөндеудің керегі жоқ, ауыстыру керек.

Орнату аяқталғаннан кейін әр түтік

фиттингінің жақсылап бекітілгенін

тексеріңіз. Жалынды емес, сабын

ерітіндісін пайдаланыңыз!

8.2 Инжекторларды ауыстыру

1.

Таба тағандарын алыңыз.

2.

Оттықтың қақпақтары мен шілтерін

алыңыз.

3.

7-ші сомынкілттің көмегімен

инжекторларды алыңыз да, өзіңіз

қолданатын газ түріне арналған

инжекторлармен ауыстырыңыз.

ҚАЗАҚ

11

Advertising