Әркүндік қолдану, 1 ішін тазалау, 2 жаңа тағамды мұздату – Инструкция по эксплуатации Electrolux ENN92811BW

Страница 6: 3 мұздатылған тағамды сақтайтын камера, 4 жібіту, 5 мұз текшелерін жасау, 6 жылжымалы сөрелер

Advertising
background image

3. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

3.1 Ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,

жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші

мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын

салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият

құрғатыңыз.

Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды

пайдаланбаңыз, бұл құрылғының

сыртқы қабатына зиян келтіреді.

3.2 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату

мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды

ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін орташа

температураны өзгертудің қажеті жоқ.

Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз

келсе, температура түймешесін максимум

суықтыққа қою үшін жоғары параметрге

қойыңыз.

Бұндай жағдайда, тоңазытқыш

камерадағы температура 0°C

градустан төмен түсіп кетуі мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса,

температура түймешесін жылырақ

параметрге әкеліп қойыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі

камераға қойыңыз.

3.3 Мұздатылған тағамды

сақтайтын камера

Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ

уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,

камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең

кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы

параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.

Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр

қуаты өшіп, ток техникалық

сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру

уақыты" бөлімінде берілген

мәндерден де ұзақ уақыт бойы

қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды

жылдам пайдаланып не дереу пісіріп

алып барып қайта тоңазыту

(салқындатқан соң) қажет.

3.4 Жібіту

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды

қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа

арналған уақыттың шамасына қарай отырып,

оны тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан

алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты

ұзағырақ болады.

3.5 Мұз текшелерін жасау

Бұл құрылғыда мүз текшелерін жасауға

арналған бір не одан да көп науалар бар. Осы

науаларға су толтырыңыз да, содан соң

оларды мұздатқыш камераға салыңыз.

Науаларды камерадан алу үшін

металл аспаптарды пайдаланбаңыз.

3.6 Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғалары сөрелерді

қалауыңызша орналастыруға арналған

бірнеше тіректермен жабдықталған.

6

www.electrolux.com

Advertising