2 тоңазытқыш мұзын жібіту, 3 мұздатқыштың мұзын еріту, 4 ұзақ уақыт бойы пайдаланбау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ENN92811BW

Страница 10

Advertising
background image

5.2 Тоңазытқыш мұзын жібіту

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау

тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,

мотор компрессоры тоқтаған сайын

автоматты түрде шығарылады. Еріген су

құрылғының артындағы, мотор

компрессорының үстіндегі арнайы

контейнерге су шығатын саңылау арқылы

жиналады да, осы жерде буға айналады.

Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға

тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі

науаның ортасындағы еріген су ағатын

саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап тұрған

маңызды.

5.3 Мұздатқыштың мұзын еріту

Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның

айналасына белгілі бір мөлшерде қырау

әрқашан жиналады.

Мұздатқыш қырауының қалыңдығы шамамен

3-5 мм болғанда жібітіңіз.

Жібітуге 12 сағат қалған кезде,

құрылғының жұмысы уақытша

тоқтатылған кезде оның ішіндегі суық

жеткілікті болуы үшін Температура

тетігін ең үлкен мәнге қойыңыз.

Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды

орындаңыз:

1.

Құрылғыны сөндіріңіз.

2.

Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше

қабат газетке ораңыз да, салқын жерге

қойыңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Мұздатылған заттарды дымқыл

қолмен ұстамаңыз. Қолдарыңыз

мұздатылған заттарға жабысып

қалуы мүмкін.

3.

Есікті ашық қалдырыңыз.

Жібіту үрдісін жылдамдату үшін

мұздатқыш бөліктің ортасына жылы

су құйылған стакан қойыңыз.

Сонымен қатар сындыруға болатын

мұзды ерімей тұрып алыңыз.

4.

Мұзды ерітіп болғаннан кейін

құрылғының ішін жақсылап құрғатыңыз.

5.

Құрылғыны іске қосыңыз.

6.

Екі немесе үш сағаттан кейін алып қойған

тағамдарды қайта тоңазытқышқа

салыңыз.

Ішкі жақтағы қырауды ешқашан өткір

металл қырғышпен қырмаңыз, себебі

бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші

ұсынған құралдардан өзге

механикалық немесе басқа жасанды

заттарды ешқашан қолданбаңыз.

Құрылғының мұзын еріту кезінде,

оралып мұздатылған тағамдардың

температурасының жоғарылауы

олардың қауіпсіз сақталу мерзімін

қысқартуы мүмкін.

5.4 Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау

Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын

жағдайда мына сақтық шараларын

орындаңыз:
• құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз
• барлық тағамдарды шығарыңыз
• мұзын ерітіп (егер бар болса), құрылғыны

және барлық керек-жарақтарын тазалаңыз

• жағымсыз иіс пайда болмас үшін есік/

есіктерді ашық қалдырыңыз.

Егер құрылғы пайдаланылып тұратын болса,

электр қуаты өшіп қалған жағдайда ішіндегі

тағам бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның

арасында бір рет бақылап қойып отыруын

сұраңыз.

10 www.electrolux.com

Advertising