Тұмшапеш - пайдалы ақыл-кеңес, 2 пісірме табақты салу, 1 торт пісіру – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG61100OW

Страница 13

Advertising
background image

Тұмшапеш сөресі мен қуыру табасын қатар

орналастыру

Тұмшапештің сөресін қуыру табасының үстіне

қойыңыз. Шұңғыл табаны тұмшапеш

деңгейлерінің біріндегі бағыттағыш жолдарға

келтіріп салыңыз.

9.2 Пісірме табақты салу

Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы жағына,

алдыңғы және артқы қабырғаның ортасына

қойыңыз. Бұл қызу пісірме табақтың алдыңғы

және артқы жағында айналуына мүмкіндік

береді. Табақты суретте көрсетілгендей,

қисық жағын артқа қаратып салыңыз.

Назарыңызда болсын!

Пісірме табақты тұмшапештің артқы

қабырғасына тигенше итермеңіз.

Себебі бұлай істегенде табақтың

айналасына қызу келуге кедергі

жасайды. Тағамның әсіресе табақтың

артқы жағындағы бөлігі күйіп қалуы

мүмкін.

10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

Сақтандыру туралы ескерту!

Өте сулы қоспадан жасалған тортты

пісіру үшін шұңғыл табақты

қолданыңыз. Жемістің шырыны

эмаль қаптамаға кетпейтін дақ

қалдыруы мүмкін.

• Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар.

Сөре қатарлары құрылғының астыңғы

жағынан бастап саналады.

• Құрылғының ішіне немесе есігінің

шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты

жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан

артқа шегініп барып ашыңыз. Бу аз

жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті

10 минут іске қосып қойыңыз.

• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін

ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.

• Заттарды құрылғының табанына тура

қоймаңыз және тағам пісірген кезде

құрылғының бөлшектерін алюминий

фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру

нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль

қаптамасын бүлдіруі мүмкін.

10.1 Торт пісіру

• Пісіруді бастамай тұрып тұмшапешті 10

минут қыздырып алыңыз.

• Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше

тұмшапештің есігін ашпаңыз.

ҚАЗАҚ

13

Advertising