1 сөре сырғытпаларын алу, 2 тұмшапештің есігін тазалау, Тұмшапештің есігі мен шыны панелін алу – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG61101OX

Страница 17

Advertising
background image

• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық

қосылған жылы суға батырылған жұмсақ

шүберекпен тазалаңыз.

• Металл беттерді әдетте қолданылатын

жуғыш заттармен тазалаңыз

• Тұмшапештің ішін әр пайдаланып болған

сайын тазалап отырыңыз. Осылайша

ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне

жол бермейсіз.

• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы

пеш тазалағыштармен тазалаңыз.

• Тұмшапештің керек-жарақтарын әр

қолданып болған сайын тазалап, құрғатып

отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш

затты пайдаланыңыз.

• Тұмшапештің керек-жарағына ластық

тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір

қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс

жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның

ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді.

11.1 Сөре сырғытпаларын алу

2

1

Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа

жолдарды алып қоюға болады.

1.

Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын

қабырғадан тартып шығарыңыз.

2.

Сырғытпа жолдардың артқы жақтарын

қабырғадан ағытып алыңыз.

Сөре сырғытпаларын әрекеттерді керісінше

орындап салыңыз.

Сөре сырғытпаларының доғал

ұштары алдыңғы жаққа қарап тұруға

тиіс.

11.2 Тұмшапештің есігін тазалау

Тұмшапеш есігінің екі шыны панелі бар.

Тұмшапештің есігін және ішкі шыны панелін

алып тазалауға болады.

Тұмшапештің есігін орнынан алмай

тұрып, шыны панельді алғыңыз

келсе, тұмшапештің есігі жабылып

қалуы мүмкін.

Тұмшапештің есігі мен шыны панелін алу

1.

Есікті шегіне дейін ашыңыз да, қос

топсасынан ұстаңыз.

ҚАЗАҚ

17

Advertising