Пештің үсті - пайдалы ақыл-кеңес, Пештің үсті - күтіп ұстау және тазалау, Оттықты сөндіру – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG61101OX

Страница 10: 1 қуат үнемдеу

Advertising
background image

Назарыңызда болсын!

Егер оттық 10 секундтан кейін

жанбаса, басқару тетігін босатыңыз,

оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем

дегенде 1 минуттан кейін оттықты

тағы бір рет жағып көріңіз.

Оттықты электр құралын қолданбай

жағуға болады (мысалы, ас үйде

электр қуаты болмаған кезде).

Жалынды оттыққа жақын әкеліп,

тиісті басқару тетігін ең көп газ

шығару қалпына бұрап, 10 секунд

басып ұстап тұрыңыз.

Оттықты сөндіру

Отты сөндіру үшін басқару тетігін белгісіне

бұраңыз.

Назарыңызда болсын!

Кәстрөлдерді оттықтан алардан

бұрын үнемі отты азайтыңыз немесе

сөндіріп қойыңыз.

6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

6.1 Қуат үнемдеу

• Егер мүмкіндік болса, ыдыстың қақпағын

әрқашан жабыңыз.

• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны

ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.

Назарыңызда болсын!

Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін

табалар мен кәстрөлдерді

пайдаланыңыз.

Оттық

Ыдыстың диаметрі

Жылдам

160 - 260 мм

Жартылай

жылдам

140 - 240 мм

Қосымша

120 - 180 мм

Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс

ыдысты қолданыңыз.

7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны тазалардан бұрын

сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.

Құрылғыны тазалау немесе жөндеу

жұмыстарын жүргізердің алдында

оны электр желісінен ажыратыңыз.

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны

бумен тазалағыш немесе жоғары

қысыммен тазалағыш құралдармен

тазаламаңыз.

Назарыңызда болсын!

Түрпілі тазалағыш заттарды, темір

жөкені немесе қышқылды

қолданбаңыз. Бұндай заттар

құрылғыны бүлдіруі мүмкін.

Құрылғының бетіне түскен сызаттар

немесе қошқыл дақтар оның

жұмысына ешқандай әсер етпейді.

• Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін

таба қоятын тағандарды алып қоя тұруға

болады.

• Эмальмен қапталған бөліктерді,

қақпақшасы мен шілтерін сабыны бар

сумен жуып, орнына қайта қояр алдында

жақсылап құрғатыңыз.

• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен

жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен

құрғатыңыз.

• Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш

машинада жууға арналмаған. Оларды

қолмен жуу керек.

• Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,

құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі

эмальмен қапталған жиектері өткір болуы

мүмкін. Қажет болса, қатып қалған

10 www.electrolux.com

Advertising