4 грильді қолдану, 5 гриль оттығын сөндіру – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG60100OW

Страница 12

Advertising
background image

8.4 Грильді қолдану

Назарыңызда болсын!

Гриль жасау барысында құрылғыны

назардан тыс қалдырмаңыз.

Құрылғының қол жететін бөлшектері

қызып кетеді. Күйіп қалу қатері бар.

Назарыңызда болсын!

Гриль жұмыс істеп тұрғанда

балаларды алыс ұстаңыз. Күйіп қалу

қатері бар.

Назарыңызда болсын!

Грильді ешқашан есікті жабық ұстап

қолданбаңыз. Өрт немесе көміртегі

моноксиді шығу қаупі бар.

1.

Құрылғы есігін ашыңыз.

2.

Гриль дефлекторын есіктің үстіңгі

жағындағы A орнына қойыңыз. Екі

бекітпенің тұмшапеш корпусының

(басқару панелінің астыңғы жағы)

алдыңғы үстіңгі жағындағы тесіктерге

дұрыс кірігіп орнатылғанына көз

жеткізіңіз.

A

3.

Тұтату түймешігін басып ұстап тұрыңыз.

4.

Газ пешінің басқару тетігін Гриль

қалпына бұраңыз. Тетікті басып ұстап

тұрыңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Тетікті барынша шегіне дейін Сөндіру

және Гриль қалыптарының арасына

қоймай бұраңыз. Осы аралық

қалыпқа қойған кезде тұтату тетігі іске

қосылып тұрады.

5.

Тұтату түймешігін босатыңыз.

6.

Тұмшапештің басқару тетігін осы қалыпта

шамамен 15 секунд ұстап тұрыңыз. Оны

жалын пайда болғанша босатпаңыз.

7.

Тұмшапешті басқару тетігін босатыңыз.

8.

Грильді алдын ала 5-10 минут

қыздырыңыз.

9.

Тұмшапештің сөресіне етті қойып, сөрені

3-ші қатарға қойыңыз.

Назарыңызда болсын!

Етті сөренің ең үстіңгі қатарына

қоймаңыз. Өрт шығу қаупі бар.

10.

Тағамның май-сөлін жинау үшін пісіру

науасын немесе қуырма табақты 2-ші

деңгейге қойыңыз.

Етті науаға немесе табаққа тура

салмаңыз.

11.

Тұмшапештің есігін шала ашып қойыңыз.

12.

Бірінші жағы қуырылып болған кезде, сөлі

ағып кетпес үшін етті шанышқымен

аударыңыз.

13.

Еттің екінші жағы қуырылып болған

кезде, тұмшапештен алыңыз.

Егер гриль от алмаса немесе кенет

сөніп қалса:

1.

Газ пештің басқару тетігін

босатып, “Off” қалпына қосыңыз.

2.

Құрылғы есігін ашыңыз.

3.

Бір минуттан кейін, грильді қайта

тұтатып көріңіз.

Қолдан тұтау:

Электр қуаты болмаса:

1.

Құрылғы есігін ашыңыз.

2.

Жалынды гриль оттығына жақын

ұстаңыз.

3.

Тұмшапешті басқару тетігін қалпына

бұраңыз. Тетікті басып ұстап тұрыңыз.

8.5 Гриль оттығын сөндіру

Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына

бұраңыз.

12 www.electrolux.com

Advertising