Пештің үсті - пайдалы ақыл-кеңес, Пештің үсті - күтіп ұстау және тазалау, 1 қуат үнемдеу – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG60100OW

Страница 10

Advertising
background image

6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

6.1 Қуат үнемдеу

• Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің

қақпағын әрдайым жабыңыз.

• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны

ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.

Назарыңызда болсын!

Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін

табалар мен кәстрөлдерді

пайдаланыңыз.

Пеш тақтасының шетінен шығып

тұратын қазан-кәстрөлдерді

қолданбаңыз.

Оттық

Тамақ пісіретін

ыдыстың диаметрі

Жылдам

160 - 260 мм

Жартыла

й жылдам

140 - 240 мм

Қосымша

120 - 180 мм

Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс

ыдысты қолданыңыз.

7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны тазалардан бұрын

сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.

Құрылғыны тазалау немесе жөндеу

жұмыстарын жүргізердің алдында

оны электр желісінен ажыратыңыз.

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны

бумен тазалағыш немесе жоғары

қысыммен тазалағыш құралдармен

тазаламаңыз.

Назарыңызда болсын!

Түрпілі тазалағыш заттарды, темір

жөкені немесе қышқылды

қолданбаңыз. Бұндай заттар

құрылғыны бүлдіруі мүмкін.

Құрылғының бетіне түскен сызаттар

немесе қошқыл дақтар оның

жұмысына ешқандай әсер етпейді.

• Пешті тазалауды жеңілдету үшін таба

қоятын тағандарды алып қоя тұруға

болады.

• Эмальмен қапталған бөліктерді,

қақпақшасы мен шілтерін сабыны бар

сумен жуып, орнына қайта қояр алдында

жақсылап құрғатыңыз.

• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен

жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен

құрғатыңыз.

• Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш

машинада жууға арналмаған. Оларды

қолмен жуу керек.

• Таба тағандарын қолмен жуған кезде,

оларды құрғатып сүрткенде абай болыңыз,

себебі эмальмен қапталған жиектері өткір

болуы мүмкін. Қажет болса, қатып қалған

дақтарды тазартқыш пастамен кетіріңіз.

• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын

дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.

• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба

тағандарының тармақтары оттықтың

ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.

10 www.electrolux.com

Advertising