10 drinkschill режимі, 11 fastfreeze режимі, 12 жоғары температураны ескерту – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3880AOX

Страница 9: 13 “есік ашық” ескерту сигналы

Advertising
background image

3.10 DrinksChill режимі

DrinksChill функциясы дыбысты сигналды

қажетті кезде орнату үшін қолданылады,

мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны

белгілі бір уақыт ішінде суытып алу қажет

болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту

үшін қойылған шөлмектерді ұмытып кетпеу

үшін ескерту сигналы қажет болған кезде

қолданылады.

Функцияны іске қосу үшін:

1.

DrinkChill түймешігін басыңыз.
DrinksChill индикаторы көрінеді.
Таймер орнатылған мәнді көрсетеді (30

минут).

2.

Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90

минут аралығында өзгерту үшін

"Суығырақ температура" түймешігі және

"Жылырақ температура" түймешігін

басыңыз.

3.

Таймер жыпылықтай бастайды (min).

Кері санақ аяқталған кезде, DrinksChill

индикаторы жыпылықтайды да, дыбыстық

сигнал естіледі:

1.

Мұздатқыш камерадағы сусындарды

алыңыз.

2.

Дыбыстық сигналды сөндіру және

функцияны біржола тоқтату үшін

DrinkChill түймешігін басыңыз.

Функцияны кері санақ орындалып тұрған

кезде, кез келген уақытта ажыратуға болады.

1.

DrinkChill түймешігін басыңыз.

2.

DrinksChill индикаторы сөнеді.

"Суығырақ температура" түймешігі мен

"Жылырақ температура" түймешігін басып,

уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде

және аяқталған кезде өзгертуге болады.

3.11 FastFreeze режимі

Функцияны іске қосу үшін:

1.

Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.

2.

Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше

басыңыз.

Бұл функция 52 сағаттан кейін өздігінен

тоқтайды.

Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай

тұрып өшіру үшін:

1.

Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.

2.

Басқа функцияны таңдау үшін Mode

түймешігін басыңыз немесе Mode

түймешігін арнайы белгілердің барлығы

көрінбей кеткенше басыңыз

Функция мұздатқыштың басқа

орнатылған температурасын таңдау

арқылы ажыратылады.

3.12 Жоғары температураны

ескерту

Мұздатқыш камераның ішіндегі

температураның жоғарылағаны (мысалы,

электр қуаты өшкен кезде) төмендегідей

көрсетіледі:
• ескерту сигналы мен мұздатқыш

температурасының индикаторлары

жыпылықтайды

• дыбыстық сигнал естіледі.

Ескерту сигналын қалпына келтіру үшін:

1.

Кез келген түймешікті басыңыз.

2.

Дыбыстық сигнал ажыратылады.

3.

Мұздатқыш температурасының

индикаторы ең жоғары температураны

бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін

қайта орнатылған температураны

көрсетеді.

4.

Ескерту индикаторы қалыпты жағдайлар

қалпына келгенше жыпылықтап тұрады.

Ескерту сигналы тоқтаған кезде, ескерту

индикаторы сөнеді.

3.13 “Есік ашық” ескерту сигналы

Есік бірнеше минут ашық қалса, дыбыстық

сигнал естіледі. Есіктің ашық тұрғандығы

төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
• Ескерту индикаторы жыпылықтайды
• дыбыстық сигнал

Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік

жабылғанда), дыбыстық сигнал тоқтайды.

Ескерту сатысында кез келген түймешікті

басып ескерту сигналын ажыратуға болады.

ҚАЗАҚ

9

Advertising