Әркүндік қолдану, 1 мұздатылған тағамды сақтау, 2 жаңа тағамды мұздату – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3880AOX

Страница 10: 3 жібіту

Advertising
background image

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

4.1 Мұздатылған тағамды сақтау

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт

пайдаланбай барып іске қосқан кезде,

тағамды камераға салмай тұрып, құрылғыны

кем дегенде 2 сағатқа қосыңыз.

Мұздатқыштың тартпалары оралған

тағамдарды оңай және жылдам табатын етіп

жасалған. Егер өте көп мөлшерде тағам

сақтау қажет болса, астыңғы тартпадан басқа

тартпалардың барлығын алыңыз, астыңғы

тартпа ауаның жақсы айналып тұруын

қамтамасыз ету үшін қажет. Сөрелердің

барлығына есіктен 15 мм шығып тұратын

тағам салуға болады.

Мысалы, электр қуаты өшіп қалып

құрылғы мұзы кездейсоқ жібіп кетсе

және электр қуаты, техникалық

параметрлер кестесінің

"температураның жоғарылау уақыты"

бөлімінде көрсетілген шамадан да

ұзақ уақыт жоқ болса, тағамды дереу

тауысу не пісіріп барып қайта

тоңазыту керек (салқындатқан соң).

4.2 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды мұздату мен

тоңазыған және мұздатылған тағамдарды

ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін Жылдам мұздату

функциясын, мұздатылатын тағамды

мұздатқыш камераға қоярдың алдында, кем

дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды астыңғы

бөлікке қойыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның

ең көп мөлшері тоңазытқыштың ішіндегі

техникалық ақпарат тақтайшасында

көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы

уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа

тағамды қосып салмаңыз.

24 сағаттан кейін мұздату үрдісі аяқталғаннан

кейін Жылдам мүздату функциясын ("Жылдам

мұздату функциясы"тармағын қараңыз)

ажыратыңыз.

4.3 Жібіту

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды

қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа

арналған уақыттың шамасына қарай отырып,

оны тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан

алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты

ұзағырақ болады.

10 www.electrolux.com

Advertising