Ақаулықты түзету, 4 тоңазытқыш қырауын еріту – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3441AOW

Страница 12

Advertising
background image

6.4 Тоңазытқыш қырауын еріту

Осы үлгідегі мұздатқыш камера, екінші

жағынан алғанда "еш қырау тұрмайтын" түрге

жатады. Бұл құрылғы пайдаланылып тұрғанда

құрылғының ішкі қабырғаларына да,

тағамдырдың үстіне де еш қырау тұрмайды

дегенді білдіреді.

Қыраудың болмауы автоматты түрде

басқарылатын желдеткіштің көмегімен

құрылғы ішінде үздіксіз айналыстағы суық

ауаның болуына байланысты.

7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Сақтандыру туралы ескерту!

Ақаулықтың себептерін анықтамас

бұрын құрылғыны тоқтан ағытыңыз.

Осы нұсқаулықта көрсетілмеген

ақаулықты тек электрші маман

немесе білікті адам ғана анықтауға

тиіс.

Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған

кезде шуыл естіледі (компрессор,

салқындатқыш сұйықтықтың

айналуы).

Ақаулық

Ықтимал себебі

Шешімі

Құрылғыдан шуыл

шығады.

Құрылғы дұрыс

орнатылмаған.

Құрылғының орнықты тұрған-

тұрмағанын тексеріңіз

(тіректерінің барлығы еденге

тиіп тұрға тиіс).

Құрылғы жұмыс істемей

тұр.

Қуат ашасы розеткаға дұрыс

сұғылмаған.

Ашаны розеткаға дұрыс

сұғыңыз.

Құрылғыға электр қуаты

келмей тұр. Розеткада тоқ

жоқ.

Розеткаға басқа электр

құрылғысын қосып көріңіз.

Электрші маманға

хабарласыңыз.

Жарықтандырғыш жұмыс

істемейді.

Жарықтандырғыш күту

режимінде тұр.

Есікті жауып, қайта ашыңыз.

Құралдың ақауы бар.

"Басқару құралын ауыстыру"

тарауын қараңыз.

Компрессор үздіксіз

жұмыс істейді.

Температура дұрыс

орнатылмаған.

Жоғарырақ температураға

қойыңыз.

Есік дұрыс жабылмаған.

"Есікті жабу" тарауын қараңыз.

Есік тым жиі ашылған.

Есікті қажет кезде ғана

ашыңыз, ұзақ ашып қоймаңыз.

Тағам температурасы тым

жоғары.

Тағамның температурасын

бөлме температурасына дейін

азайтып барып сақтаңыз.

Бөлме температурасы тым

жоғары.

Бөлменің температурасын

азайтыңыз.

Тоңазытқыштың артқы

тақтасына су ағады.

Мұзды автоматты түрде еріту

барысында еріген су артқы

тақтаға ағады.

Бұл дұрыс.

Су тоңазытқыштың ішіне

ағады.

Су ағатын түтікше бітеліп

қалған.

Су ағатын түтікшені

тазалаңыз.

12 www.electrolux.com

Advertising