Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 9 мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу, 1 қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3441AOW

Страница 10: 2 жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес, 3 тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Advertising
background image

4.9 Мұздатқыш себеттерді мұздатқыштан алу

2

1

Мұздатқыш себеттер, кездейсоқ алынып

қалуға немесе құлап кетуге жол бермейтін

тіреуішпен жабдықталған. Оны мұздатқыштан

алу үшін, себетті өзіңізге қарай тартыңыз да,

шегіне жеткен кезде себеттің алдыңғы жағын

жоғары көтеріп қалыңыз.

Қайта орнына қою үшін, себеттің алдыңғы

жағын ақырын ғана көтеріп мұздатқышқа

салыңыз. Шеткі жақтарын келтіріп салғаннан

кейін, себеттерді өз орындарына қарай

итеріңіз.

5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

5.1 Қуатты үнемдеуге қатысты

ақыл-кеңес

• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан

артық уақыт ашып тұрмаңыз.

• Орта температурасы жоғары болса,

температура регуляторы ең жоғарғы

параметрге қойылса және тоңазытқыш

ішіне тамақ толтырылса салынса,

компрессор буландырғыш құралдың үстіне

мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса, температура

регуляторын құрылғы электр қуатын

үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі

көрсеткішке қойыңыз.

5.2 Жаңа тағамды тоңазытуға

қатысты ақыл-кеңес

Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық

заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз

• тағамның бетін жабыңыз не оны орап

салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса

• тағамды ауа оның айналасында еркін

айнала алатындай етіп орналастырыңыз

5.3 Тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Пайдалы кеңес:

Ет (барлық түрі) : полиэтилен таспаға орып,

көкөніс тартпасының үстіңгі жағындағы шыны

сөреге қойыңыз.

Сақтық шарасын орындау үшін тағамды

осылайша бір немесе ең көбі екі күн ғана

сақтаңыз.

Піскен тағамдар, салқын тағамдар, т.с.с.:

бұндай тағамдарды жауып, кез келген сөреге

қоюға болады.

Жемістер мен көкөністер: бұларды әбден

жуып, арнайы тартпа(лар)ға салыңыз.

Сары май және ірімшік: ауа өткізбейтін

арнайы сауыттарға салып немесе ауаны

мүмкіндігінше кіргізбеу үшін алюминий

жұқалтырға не полиэтилен қалтаға орап салу

керек.

Шөлмектер: бұлардың қақпақтарын жауып,

бөтелке қойғыш торға немесе есіктегі бөтелке

қойғышқа қою керек.

Банан, картоп, пияз және сарымсақ

оралмаған болса, тоңазытқышта сақтау керек.

10 www.electrolux.com

Advertising