1 мерзімді тазалау, 2 мұздатқыш камераның мұзын еріту, 3 құрылғыны қолданбаған кезде – Инструкция по эксплуатации Electrolux EC2800AOW1

Страница 9

Advertising
background image

уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға

тиіс.

8.1 Мерзімді тазалау

1.

Құрылғыны сөндіріңіз.

2.

Ашаны розеткадан ағытыңыз.

3.

Құрылғыны және оның керек-жарақтарын

жылы су мен бейтарап сабынды

қолданып мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

Есіктің тығыздағышын абайлап

тазалаңыз.

4.

Құрылғыны жақсылап құрғатыңыз.

5.

Ашаны розеткаға сұғыңыз.

6.

Құрылғыны қосыңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш

заттарды, жеміргіш құралдарды, әтір

иісті заттарды немесе балауызды

қолданбаңыз.

Салқындату жүйесіне зақым

келтірмеңіз.

Компрессор тұратын аумақты

тазалаудың қажеті жоқ.

Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға

арналған көпшілік заттардың құрамында осы

құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге

зиянды әсер ететін химикаттар бар.

Сондықтан да осы құрылғы корпусының

сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған

жылы сумен тазалау ұсынылады.

8.2 Мұздатқыш камераның мұзын

еріту

Мұздатқыш камераның мұзын шамамен 10-15

мм қалың болған кезде жібітіңіз.

Мұздатқыштың мұзын тағам аз тұрған кезде

немесе мүлдем тағам жоқ кезде еріткен

тиімді.

Қырауды кетіру үшін мына әрекеттерді

жасаңыз:

1.

Құрылғыны сөндіріңіз.

2.

Ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше

қабат газетке ораңыз да, салқын жерге

қойыңыз.

3.

Есікті ашып, еріген су ағатын түтіктің

тығынын алып, еріген судың барлығын

науаға құйып алыңыз. Мұзды жылдам алу

үшін қырғышты қолданыңыз.

4.

Мұзды ерітіп болғаннан кейін

құрылғының ішін жақсылап құрғатып,

ашаны сұғыңыз.

5.

Құрылғыны қосыңыз.

6.

Температура түймешесін ең үлкен

суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны осы

параметрде тұрған қалпы екі немесе үш

сағат жұмысқа қосыңыз.

7.

Алдында алып қойған тағамдарды қайта

салыңыз.

Қырауды ешқашан өткір темір

құралдармен тазаламаңыз, себебі

құрылғыға зақым келтіріп аласыз.

Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші

ұсынған құралдардан өзге

механикалық немесе басқа жасанды

заттарды ешқашан қолданбаңыз.

Құрылғының мұзын еріту кезінде,

оралып мұздатылған тағамдардың

температурасының жоғарылауы

олардың қауіпсіз сақталу мерзімін

қысқартуы мүмкін.

Сыртқы ортаның ылғалдылығы

жоғары болса немесе мұздатылған

тағам дұрыс оралмай салынса,

құрылғының қабырғаларына көбірек

мұз қатуы мүмкін.

8.3 Құрылғыны қолданбаған кезде

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданбаған

кезде мына сақтық шараларын орындаңыз:

1.

Құрылғыны сөндіріңіз.

2.

Ашаны розеткадан ағытыңыз.

3.

Тағамдардың барлығын шығарыңыз.

4.

Құрылғының мұзын ерітіп, керек-

жарақтарының барлығын тазалаңыз.

5.

Жағымсыз иіс пайда болмас үшін есігін

ашық қалдырыңыз.

Егер құрылғыны қосып қалдыратын

болсаңыз, электр қуаты өшіп қалған

жағдайда ішіндегі тағам бұзылып

кетпес үшін, басқа бір адамның

арасында бір рет бақылап қойып

отыруын сұраңыз.

ҚАЗАҚ

9

Advertising