3 күнделікті пайдалану, 4 күтім көрсету және тазалау, 5 орнату – Инструкция по эксплуатации Electrolux EC2800AOW1

Страница 4

Advertising
background image

– құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап

желдетіңіз

• Осы өнімді немесе оның сипаттарын

өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа

тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу

қаупі төнеді.

Назарыңызда болсын!

Кез келген электрлік бөлшектерін

(қуат сымы, аша, компрессор),

қатерлі жағдай орын алмас үшін,

куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы

немесе білікті техник маман

ауыстыруға тиіс.

1.

Қуат кабелін ұзартуға болмайды.

2.

Қуат кабелі құрылғының артқы

жағында мыжылып немесе

зақымдалып қалмағанына көз

жеткізіңіз. Мыжылған немесе

зақымдалған қуат кабелі тым қызып

кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.

3.

Құрылғының айыры қол жетерлік

жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.

4.

Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.

5.

Розетка босап кеткен болса, айырды

оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт

шығу қаупі бар.

6.

Құрылғыны ішкі жарықтама шамының

қақпағы (егер бар болса) жабылмаса

іске қосуға болмайды.

• Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде

абай болу керек.

• Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен

заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,

себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі

немесе қарылып қалуы мүмкін.

• Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн

сәулелерінің астына қоймаңыз.

• Осы құрылғыда тек тұрмыстық

құрылғыларда пайдалануға арналған

арнайы шамдар (егер бар болса) ғана

қолданылған. Олар үйді жарықтандыру

үшін қолдануға жарамайды.

1.3 Күнделікті пайдалану

• Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик

жерлерге қоймаңыз.

• Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты

қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі

мүмкін.

• Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа

шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға

болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын

болса)

• Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны

қайта мұздатуға болмайды.

• Алдын ала оралған тағамды мұздатылған

тағам өндірушінің нұқсауларына сай

сақтаңыз.

• Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға

қатысты ұсыныстарын қатаң орындау

керек. Тиісті нұсқауларға қараңыз.

• Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін

сусындарды тоңазытқыш камераға

қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым

оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан

келуі мүмкін.

• Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте

пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.

1.4 Күтім көрсету және тазалау

• Құрылғыны тазалар алдында электр

желісінен ағытып, ашасын розеткадан

суырыңыз.

• Құрылғыны металл заттармен

тазаламаңыз.

• Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір

заттарды пайдаланбаңыз. Пластик

қырғышты пайдаланыңыз.

1.5 Орнату

Электр желісіне қосу үшін арнайы

тармақта берілген нұсқауларды

мұқият орындаңыз.

• Құрылғының орамын ашып, еш жерінің

бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Нұқсан келген

құрылғыны ешқашан қоспаңыз. Құрылғыға

зақым келгенін байқасаңыз дереу сатып

алған жеріңізге хабарлаңыз. Бұндай

жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.

• Құрылғының майы компрессорға қарай

ағуы үшін кем дегенде төрт сағат күтуді

ұсынамыз.

• Құрылғының айналасында ауа алмасып

тұруға жеткілікті орын болуға тиіс, әйтпесе

құрылғы қатты ысып кетеді. Ауаның

жеткілікті түрде алмасып тұруын

қамтамасыз ету үшін құрылғыны орнату

нұсқауларын орындаңыз.

• Құрылғыны қыздырғыштарға немесе

пештерге жақын орнатуға болмайды.

• Құрылғыны орнатып болғаннан кейін, оның

ашасының қол жететін жерде тұрғанына көз

жеткізіңіз.

4

www.electrolux.com

Advertising