Инструкция по эксплуатации Electrolux EWC1350

Страница 9

Advertising
background image

Қажет болса, мата жұмсартқышты

белгісі салынған кішкене бөлікке

салыңыз (пайдаланылатын мөлшері

тартпаның «MAX» таңбасынан аспауға

тиіс). Қорапшаны еппен жабыңыз.

ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАНЫ

БАҒДАРЛАМА ТАҢДАЙТЫН ТЕТІКЕН

(9) ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті

бағдарламаға бұраңыз. Таңдау тетігін

сағат тілінің бағытымен не сағат тілінің

бағытына қарсы бұрауға болады.

6 түймешігінің жасыл индикаторы

жыпылықтай бастайды

Бағдарлама үрдісінің бейнебетінде

таңдалған бағдарламаның барлық

циклдарына қатысты индикатор

шамдар жанады.

қалпына қойған кезде бағдарлама

бастапқы қалпына қойылады жəне

машина СӨНЕДІ.

Бағдарламаның соңында таңдау
тетігін қалпына қойып, машинаны

сөндіру керек.

Өте маңызды! Машина жұмыс істеп

тұрған кезде бағдарлама таңдау тетігін

басқа бағдарламаға қойсаңыз,

таңдаудың қате екенін көрсету үшін

бағдарлама үрдісінің дисплейіндегі

шамдар жыпылықтай бастайды.

Машина жаңадан таңдалған

бағдарламаны орындамайды.

АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН,

ШАЮДЫ КІДІРТУ НЕМЕСЕ

АЙНАЛДЫРМАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН

ТАҢДАҢЫЗ (8)
Айналдыру жылдамдығын, Шаюды

кідірту немесе Айналдырмау

параметрін айналдыру жылдамдығын

таңдау тетігімен таңдаңыз.

• Синтетика жəне жүн мата

бағдарламаларында 1300 (немесе

1000) орны 900 мин/айн-ға тең болса,

баппен жуу бағдарламасында 700

мин/айн-ға тең.

• 500 мəні - синтетика жəне жүн мата

бағдарламаларында 500 мин/айн-ға

тең болса, баппен жуу

бағдарламасында 450 мин/айн-ға тең.

Шаюды кідірту

Бұл параметрді таңдағанда, киімдер

мыжылып қалмас үшін соңғы шаю

циклынан қалған су түгел төгілмейді.

Бағдарлама аяқталғанда "Соңы" жəне

"Есік құлыптаулы" шамдары жанып,

суды төгу қажет екенін көрсетеді

(Қараңыз: "Бағдарламаның соңы").

Айналдырмау

Осы параметрді таңдағанда айналдыру

циклдарының ешбірі орындалмайды.

Өте нəзік матаны жууға арналған.

Мақта мата жəне синтетика

бағдарламалары үшін машина қосымша

шаю циклдарын қосады.

Əр бағдарламаға арналған ең үлкен

жылдамдық туралы ақпаратты Жуу

бағдарламалары тарауынан қараңыз.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫН 2

ТҮЙМЕШІГІН БАСЫП ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарламаны бастамай тұрып, оны

кешіктіріп бастағыңыз келсе, қажетті

кешіктіріп бастау уақытын таңдау үшін 2

түймешігін қайта-қайта басыңыз.

Орнатылған кешіктіру уақытына сай

келетін шамдар жанады.

electrolux 9

Advertising