Инструкция по эксплуатации Electrolux EWC1350

Страница 18

Advertising
background image

Ақаулық

Мүмкін себебі/Шешімі

Машинаның суы

сарқылмайды жəне/не ол

айналмайды:

Суды сарқитын түтікше басылып не жаншылып қалған.

• Суды сарқитын түтікше қосылымын тексеріңіз.

Аяқталғанда суы əлі де машина ішінде қалатын не ешбір

айналдыру кезеңі жоқ функция не бағдарлама таңдалған.

• Суды сарқу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.

Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.

• Кірді таратып салыңыз.

Еденге су аққан:

Жуғыш зат тым көп мөлшерде пайдаланылған не сай

келмейтін жуғыш зат (тым көп көбік пайда

болады)қолданылған.

• Жуғыш зат мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш затты

пайдаланыңыз.

Су құятын түтікшенің тығырықтарының ешбірінен су ақпай

тұрғандығын тексеріңіз. Су түтікше арқылы төмен құлдилап

ағатындықтан мұны көру əрқашан мүмкін бола бермейді;

оның дым не дым еместігін тексеріп көріңіз.

• Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.

Суды сарқитын не құятын түтікшеге нұқсан келген.

• Оның орнына жаңасын салыңыз.

Жуу нəтижесі

қанағаттанарлықтай емес:

Жуғыш зат өте аз мөлшерде пайдаланылған не мүлдем сай

келмейтін жуғыш зат қолданылған.

• Жуғыш зат мөлшерін көбейтіңіз не басқа жуғыш затты

пайдаланыңыз.

Оңай кетпейтін дақтар кірді жумай тұрып алдын ала

кетірілмеген.

• Оңай кетпейтін дақтарды сатудағы заттарды пайдаланып

кетіріңіз.

Дұрыс температура таңдалмаған.

• Дұрыс температураның таңдалған не таңдалмағандығын

тексеріңіз.

Кірдің салмағы шамадан тыс көп.

• Жүктің салмағын азайтыңыз.

Есік ашылмайды:

Бағдарлама əлі жұмыс істеп тұр.

• Жуу циклі аяқталғанша күтіңіз.

Есік құлпы ашылған жоқ.

• "Есік құлыптаулы" шамы сөнгенше күте тұрыңыз.

Барабанның ішінде су тұр.

• Суды сарқу үшін сарқу не айналдыру бағдарламасын

таңдаңыз.

Машина дірілдеп тұр не

одан шуыл шығады:

Орам материалдары мен тасымалдау үшін қолданылған

бекіткіштер алынбаған.

• Құрылғының дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.

Сирағы лайықталып орнатылмаған

• Құрылғының дұрыс тіктеп орнатылғандығын тексеріңіз.

Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.

• Кірді таратып салыңыз.

Барабанның ішіне салынған кір тым аз болуы мүмкін.

• Кірді көбірек салыңыз.

18 electrolux

Advertising