9 есіктің сөрелерін орналастыру, 10 ылғалдылықты басқару – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3487AOX

Страница 12

Advertising
background image

4.9 Есіктің сөрелерін орналастыру

Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды

орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі

биіктікке қоюға болады.

Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:

Сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша орнынан

шыққанша ақырын тартыңыз да, содан соң

қажетті орынға қойыңыз.

Ауа дұрыс айналып тұру үшін,

астыңғы есіктің үлкен сөресін

жылжытпаңыз.

4.10 Ылғалдылықты басқару

Көкөніс пен жеміс-жидекті тоңазытқышта

сақтаған кезде, оларды тартпалы жәшікке

салған дұрыс болады. Тоңазытқыштағы

температура төмен қалпында сақталады да,

азық-түліктің ескіруін баяулатады. Қалыпты

жағдайларда, көкөніс салатын тартпа

толмаған кезде, және оның ішінде түрлі

көкөніс пен жеміс-жидек аралас болса,

ылғалдылықты басқару тетігін үлкен

тамшымен көрсетілген жоғары ылғалдылық

қалпына қою керек. Бұл үстіңгі тордың

жабылып, тартпалы жәшіктің ішінде жоғары

ылғалдылық сақталатынын білдіреді. Бұл

стандартты параметр болуға тиіс. Кейде

тартпаның іші толып тұрған кезде азық-түлік

аса жақсы салқындамауы мүмкін, сондықтан

ауа өтетін саңылауларды кішкентай тамшыға

қарай ашып қоған дұрыс. Көкөністер әдетте

судың булануы арқылы өздігінен

салқындайды, ал саңылаулар жабық болса,

тартпаның ішінде су тамшылары түзіліп, су

жиналуы мүмкін. Көп су жинауы мүмкін

көкөніске салаттар, саңырауқұлақтар,

брокколи мен сәбіз жатады. Азық-түліктің

ішінде алма мен жеміс-жидек болған

жағдайда, этилен жиналып қалу қаупін

болдырмау үшін саңылауларды сәл ашып

қойған дұрыс болуы мүмкін. Этилен дегеніміз

кейбір көкөністер мен жемістерден бөлінетін

өсу гормоны болып табылады және бұл кейбір

адамдарға зиян келтіруі, тезірек қартайтуы

мүмкін.

12 www.electrolux.com

Advertising