3 жаңа тағамды мұздату, 4 температура индикаторы, 5 жылжымалы сөрелер – Инструкция по эксплуатации Electrolux EN3487AOX

Страница 10

Advertising
background image

Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр

қуаты өшіп, ток техникалық

сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру

уақыты" бөлімінде берілген

мәндерден де ұзақ уақыт бойы

қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды

жылдам пайдаланып не дереу пісіріп

алып барып қайта тоңазыту

(салқындатқан соң) қажет.

4.3 Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш бөліктер (сызба арқылы

көрсетілген) жаңа тағамды мұздату үшін,

сондай-ақ тоңазыған және мұздатылған

тағамдарды ұзақ уақыт сақтау үшін қолайлы.

Жаңа тағамды мұздату үшін Action Freeze

функциясын іске қосыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның

ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі

техникалық ақпарат тақтайшасында

көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы

уақыт аралығында мұздатқыңыз келген басқа

тағамды қосып салмаңыз.

4.4 Температура индикаторы

Термоэлементті реттеу керек

Дұрыс температура

OK

Құрылғыны дұрыс басқаруға көмектесу үшін

тоңазытқышқа температура индикаторы

орнатылған.

Бүйір жақтағы белгіше тоңазытқыштың

ішіндегі ең суық аумақты көрсетеді.

Ең суық аумақ жеміс салынатын шыны сөре

мен көкөніс салынатын тартпадан бастап,

белгішеге дейін немесе белгішенің деңгейіне

қойылған сөреге дейін жалғасады.

Тағамның дұрыс сақталуын қамтамасыз ету

үшін температура индикаторында "OK"

жазуының көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.

Егер "ОК" жазуы көрсетілмесе, температура

тетігін суығырақ параметрге қойыңыз да,

температура индикаторын 12 сағат күтіп

барып тексеріңіз.

Құрылғыға жаңа тағам салғаннан кейін

немесе есікті ұзақ уақыт қайта-қайта

ашқаннан кейін, "ОК" жазуының көрінбей

қалуы қалыпты жағдай.

4.5 Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді

қалауыңызша орналастыруға арналған

бірнеше бағыттауыш бар.

10 www.electrolux.com

Advertising