Қауіпсіздік нұсқаулары – Инструкция по эксплуатации Electrolux EGG97352SX
Страница 4
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды
пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• Құрылғыны тоққа тура қосу үшін, контакт интервалы
сақталатын, барлық полюстерде оқшаулайтын айырып-
қосқыш қажет. Тоқты айыру жұмыстарын міндетті III-ші асқын
кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай іске асыру
керек. Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
• Электр сымын төсеген кезде, температурасы бөлме
температурасынан 50°C градус жоғары болатын заттарға
тура тигізбей (мысалы, оқшаулағыш төлкені пайдаланып)
орнатыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған:
BY KZ RU UA
2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе
ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан
құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
4
www.electrolux.com