4 электртоғына қосу, 5 қосылым сымын ауыстыру, 6 кіріктіріп орнату – Инструкция по эксплуатации Electrolux EGG97352SX
Страница 13: 7 кірістіру жолдары есігі бар ас үй жиһазы
8.4 Электртоғына қосу
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
атаулы кернеу мен электрмен жабдықтау
түрінің жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай келетініне көз
жеткізіңіз.
• Құрылғы электр сымымен жабдықталған.
Оны техникалық ақпарат тақтайшасындағы
жүктемені көтере алатын дұрыс ашамен
жабдықтау керек. Ашаның сай келетін
розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
• Құрылғыны ұзартқыш сыммен, адаптермен
немесе көп тармақты қосылым арқылы
қосқан кезде өрт шығу қаупі бар. Жерге
тұйықтау стандарттар мен ережелерге сай
іске асырылғанына көз жеткізіңіз.
• Қуат сымын 90° C градустан асатын
температурамен қыздырмаңыз.
Көк бейтарап сымның "N" таңбасы салынған
ағытпаға жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қоңыр
(немесе қара) фаза сымын "L" таңбасы бар
ағытпаға жалғаңыз. Фаза сымын үнемі қосып
қойыңыз.
8.5 Қосылым сымын ауыстыру
Қосылым сымын ауыстыру үшін тек H05V2V2-
F T90 сымын немесе осының баламасын
қолданыңыз. Сымның қимасының кернеуге
және жұмыс температурасына сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз. Сары/жасыл түсті жерге қосу
сымы қоңыр (немесе қара) түсті фазалық
сымнан шамамен 2 см ұзынырақ болуға тиіс.
8.6 Кіріктіріп орнату
min. 55 mm
min. 650 mm
700 mm
min. 450 mm
30 mm
480 mm
10 mm
86 mm
86 mm
A
3 mm
A
B
A)
жинақтағы тығыздағыштар
B)
жинақтағы қапсырмалар
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны тек біртегіс жайпақ бетке
ғана орнатыңыз.
8.7 Кірістіру жолдары
Есігі бар ас үй жиһазы
Пештің астына орнатылатын тақта алуға оңай
және техникалық қызмет көрсету қажет
болғанда қол жеткізуге оңай болуға тиіс.
min 20 mm
(max 150 mm)
30 mm
60 mm
B
A
A)
Алынбалы тақта
B)
Қосылым сымдарына арналған орын
ҚАЗАҚ
13