Суға қосу, 2 қолданылуы, 3 күту менен тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWW1686HDW

Страница 5

Advertising
background image

Суға қосу

• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым

келтірмеңіз.

• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын

пайдаланып, су жүйесіне қосу керек. Ескі

түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.

• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе ұзақ

уақыт қолданылмаған құбырларға

жалғамай тұрып, суын тазарғанша

ағызыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет қолданған кезде еш

жерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.

2.2 Қолданылуы

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу, электр қатері, күйіп

қалу және өрт қаупі, құрылғыны

бүлдіріп алу қаупі бар.

• Бұл құрылғыны үйде ғана пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын

өзгертпеңіз.

• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш

зат салынған дымқыл заттарды

құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне

қоймаңыз.

• Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде

есіктің шынысына қол тигізбеңіз. Шыны

ыстық болуы мүмкін.

• Кірдегі темір заттардың барлығының

алынғанына көз жеткізіңіз.

• Киімдерге нұқсан келтірмес үшін кептіру

циклының соңғы тұсында (суыту циклы)

қызу бөлінбейді.
Егер құрылғыны кептіру циклы аяқталмай

тұрып тоқтатсаңыз, барлық заттарды дереу

алып, қызуды тарқатып жіберу үшін

олардың барлығын таратыңыз.

• Егер жуғыш зат, мата жұмсартқыш немесе

сол сияқты заттарды пайдалансаңыз, орам

материалындағы нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғының айналасына жиналып қалған

қыл-қыбырды тазалаңыз.

• Толтырмасы бар немесе ішіне нәрсе

салынған, нұқсан келген заттарды

кептірмеңіз.

• Көбікті резеңке (латекс көбігі), себезгі

кезінде киюге арналған бас киім, су

өткізбейтін мата және резеңке астарлы

заттарды кептірмеңіз.

• Тағам пісіруге арналған май, ацетон, спирт,

бензин, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,

балауыз және балауыз тазалағыштар

тәрізді нәрселерге тиген заттарды кептірер

алдында, қосымша жуғыш зат салынған

ыстық сумен жуыңыз.

• Өнеркәсіптік тазалағыш құралдарды

пайдаланып тазалаған заттарды

кептірмеңіз.

• Киімдердің қалталарында газ тұтатқыштар

немесе оттықтардың жоқ екеніне көз

жеткізіңіз.

• Кір кептіргіште кептіруге болатын

маталарды ғана кептіріңіз. Матаның

затбелгісіндегі нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғыда жуылмаған заттарды

кептірмеңіз.

• Егер кірді дақ кетіргішпен жусаңыз,

құрылғыны іске қосар алдында қосымша

шаю циклын орындаңыз.

• Пластик заттар қызуға төзімді емес.

– Егер жуғыш зат салынған шарикті

пайдалансаңыз, оны кептіру

бағдарламасын орнатпай тұрып алыңыз.

– Тоқтамайтын бағдарламаны орнатқан

кезде жуғыш зат шаригін

пайдаланбаңыз.

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу немесе құрылғыны

бүлдіріп алу қаупі бар.

• Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе

үстіне шықпаңыз.

• Кірдің салмағын көрсетілген ең үлкен

салмақ мөлшерінен асырмаңыз.

• Суы сорғалап тұрған киімдерді құрылғыға

салып кептірмеңіз.

2.3 Күту менен тазалау

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу немесе құрылғыны

бүлдіріп алу қаупі бар.

• Құрылғыны жөндеу алдында электр

желісінен ағытып, ашасын розеткадан

суырыңыз.

• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және

буды қолданбаңыз.

• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш

заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,

түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір

заттарды пайдаланбаңыз.

ҚАЗАҚ

5

Advertising