Күнделікті пайдалану - кептіру, 1 кептіру бағдарламаның соңы – Инструкция по эксплуатации Electrolux EWW1686HDW

Страница 18

Advertising
background image

10. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ - КЕПТІРУ

Назарыңызда болсын!

Су құятын шүмекті ашыңыз. Су төгетін түтікті

раковинаға салыңыз немесе су төгетін

құбырға жалғаңыз.
• Құрылғыны қосу үшін түймешігін

бірнеше секунд басыңыз.

• Кірді бір-бірден салыңыз.
• Бағдарлама тетігін кірлерді кептіретін

бағдарламаға бұраңыз.

Бейнебетте кептіру индикаторы

пайда

болады.

АВТ. ДЕҢГЕЙЛЕРГЕ ДЕЙІН КЕПТІРУ:
• Бейнебетте құрғақтық деңгейлерінің

біреуінің индикаторы көрсетілгенше

түймешігін қайта-қайта басыңыз:

: Мақта мата заттарды ҮТІКТЕУГЕ

болатын құрғақтық деңгейі

: Мақта мата және синтетика

заттарды ШКАФҚА салуға болатын

құрғақтық деңгейі

: Мақта мата заттарды ӨТЕ ҚҰРҒАҚ

етіп кептіретін құрғақтық деңгейі

• Бейнебетте әдепкі кір салынымы

салмағының негізінде есептелген уақыт

мәні көрсетіледі. Егер кірдің мөлшері әдепкі

мөлшерден көп немесе аз болса, цикл

орындалып тұрғанда құрылғы уақыт мәнін

автоматты түрде реттейді.

• Бағдарламаны бастау үшін түймешігін

басыңыз.
Бейнебетте "есік құлыптаулы"

индикаторы көрсетіледі. Кептіру

индикаторы жыпылықтай бастайды.

Кез келген кірдің түріне арнап,

барлық құрғақтық деңгейлерін орнату

мүмкін емес.

УАҚЫТЫ ҚОЙЫЛҒАН КЕПТІРУ ЦИКЛЫ:
• Уақыт мәнін орнату үшін түймешігін

қайта-қайта басыңыз («Кептіру

бағдарламасы» кестесін қараңыз).

• Бейнебетте 10 минут көрсетіледі. Осы

сенсорлық түймешікті әр басқан сайын

уақыт мәні 5 минутқа артып отырады.

Бейнебетте орнатылған уақыт мәні
көрсетіледі: мысалы –

.

• Бірнеше секундтан кейін бейнебетте жаңа

уақыт мәні көрсетіледі:

. Құрылғы

мыжылып қалудан сақтау және салқындату

циклдарының уақыттарын да есептеп

шығарады.

• Бағдарламаны бастау үшін түймешігін

басыңыз. Бейнебетте жиі-жиі жаңа уақыт

мәні көрсетіліп тұрады.
Кептіру индикаторы жыпылықтай

бастайды.
Бейнебетте "есік құлыптаулы"

индикаторы көрсетіледі.

Егер 10 минуттық кептіру циклын ғана

орнатсаңыз, құрылғы тек салқындату

циклын орындайды.

Кір жеткілікті түрде кеппесе, қайта

қысқа кептіру уақытын орнатыңыз.

10.1 Кептіру бағдарламаның соңы

• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Дыбыстық сигналдар (егер қосылып тұрса)

естіледі.

• Бейнебетте жанады.

индикаторы сөнеді.

• Кептіру циклының соңғы минуттарында

құрылғы салқындату және мыжылудан

сақтау циклын орындайды. Есік әлі

құлыптаулы.

• Есік бекітулі белгісі

бейнебеттен

көрінбей кеткенде, есікті аша беруге

болады.

• Құрылғыны сөндіру үшін түймешігін

бірнеше секунд басыңыз.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше

минут өткен соң, қуат үнемдеу функциясы

құрылғыны автоматты түрде сөндіреді.

• Құрылғыдан кірді алыңыз. Барабанның бос

екеніне көз жеткізіңіз.

• Зең және иіс пайда болмас үшін есікті сәл

ашып қойыңыз.

• Судың шүмегін жабыңыз.

18 www.electrolux.com

Advertising