5 мұздатуға қатысты ақыл кеңес, 6 мұздатылған тағамды сақтау бойынша кеңес, Күту менен тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ERT1506FOW

Страница 27: 1 жалпы ескертулер, 2 мерзімді тазалау

Advertising
background image

6.5 Мұздатуға қатысты ақыл

кеңес

Мұздату үрдісін барынша жақсы

жүзеге асыру үшін мына маңызды

кеңестерді ұсынамыз:
• 24 сағатта мұздатуға болатын

тағамның ең көп мөлшері

техникалық ақпарат тақтайшасында

көрсетілген;

• мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады.

Осы кезде ешбір мұздатылатын

тағамды қосып салуға болмайды;

• тек жоғары сапалы, жаңа және

әбден тазаланған тағамдарды ғана

мұздатыңыз;

• тағамды жылдам және әбден

мұздату үшін, сондай-ақ кейін

тағамды қажетті мөлшерде ғана

жібіту үшін аз мөлшерге бөліп,

жеке-жеке сақтаңыз.

• тағамды алюминий жұқалтырға

немесе полиэтилен орамға орап,

тағам орамдарының ауа

өткізбейтініне көз жеткізіңіз;

• мұздатылған тағамның

температурасы жоғарылап кетпес

үшін, жаңа, мұздатылмаған

тағамды мұздатылған тағамға

тигізбеңіз;

• майы аз тағамдар, майлы тағамға

қарағанда ұзағырақ сақталады; тұз

тағамның сақталу уақытын

қысқартады;

• мұзды мұздатқыш бөліктен ала

сала пайдаланса, теріні қарып

жіберуі мүмкін;

• тағамды сақтау уақытын есепке

алып отыру үшін, әр орамның

сыртына мұздатылған ай-күнін

жазып қою ұсынылады.

6.6 Мұздатылған тағамды

сақтау бойынша кеңес

Құрылғының барынша жақсы жұмыс

істеуін қамтамасыз ету үшін мына

әрекеттерді орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы

сатылатын тағамдарды тиісті түрде

мұздатқанына көз жеткізіңіз;

• мұздатылған тағамдарды дүкеннен

мұздатқышқа барынша аз уақыт

ішінде жеткізіңіз;

• егер аса қажет болмаса есігін жиі

ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып

қалдырмаңыз;

• мұздап тұрған тағамды жібіткеннен

кейін сапасы дереу түсе бастайды

және оны қайта мұздатуға

болмайды;

• тағамды өндіруші көрсеткен

жарамдылық мерзімінен артық

уақыт сақтамаңыз.

7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

Қауіпсіздік тарауларын

қараңыз.

7.1 Жалпы ескертулер

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ

ЕСКЕРТУ!

Қандай да бір жөндеу

жұмысын орындау алдында,

құрылғыны сөндіріңіз.

Құрылғының салқындатқыш

жүйесінде көмірсутек бар;

жөндеу және оны қайта

толтыру жұмыстарын тек

уәкілетті маман ғана іске

асыруға тиіс.

Құрылғының керек-

жарақтары мен бөлшектерін

ыдыс жуғыш машинамен

жууға болмайды.

7.2 Мерзімді тазалау

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ

ЕСКЕРТУ!

Камераның ішіндегі түтікше

немесе сымдардың

ешқайсысын тартуға,

қозғауға немесе бүлдіруге

болмайды.

ҚАЗАҚ

27

Advertising