Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации haier LT22A1 RU

Страница 56

Advertising
background image



Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Ескерту

1. Өндіруші немесе құралдың Өндіруші стандарттарына

сәйкестігіне жауапты өкілетті жақ мақұлдамаған

қандай да бір өзгертулер пайдаланушының осы

құралды пайдалану құқығын жоя алады.

2. Қалқалау (жалғауыш) кабель мен желілік бау

құралдың тұтынатын қуатына сәйкес пайдаланылуы

тиіс.

3. Өндіруші құралдың рұқсат етілмеген өзгертулерінің

салдарынан болған ТВ немесе радиодағы үзілістер

үшін жауапты емес. Пайдаланушы бұл кедергілерді өзі

жоюы керек.

Назар аударыңыз:

Өртті немесе электр тогынан зақымдануды болдырмас

үшін, құралға су тиюіне жол бермеңіз. СК-теледидардың

ішінде қауіпті жоғары кернеу болады. Құралдың корпусын

ашпаңыз. Техникалық қызмет көрсетуді тек білікті

мамандар ғана жүргізуі тиіс.

Техника қауіпсіздігі жөнінде жалпы

нұсқаулар (құралды пайдаланбас бұрын

оқып шығу керек):

1. Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, оны құралды

ары қарай пайдалану үшін сақтаңыз және барлық

ұсыныстар мен ескертулерді қатаң сақтаңыз.

2. Қорек көзі. Бұл теледидар 220-240 В, 50/60 Гц

айнымалы токпен жұмыс істеуге арналған.

3. Бұл құралды судың жанында пайдаланбаңыз.

Өртке немесе электр тогының зақымдауына әкеп

соғатын зияндардан аулақ болу үшін, бұл құралға су

шашыратып немесе тамызып алмаңыз. Құралдың

үстіне суы бар ыдыстар (гүл салатын ваза, шыны

аяқтар және т.б.) орналастырмаңыз. Бұл ұсыныс,

сондай-ақ, теледидардың жоғарғы жағындағы

сөрелерге де қатысты.

4. Құралды тазалау. Құралды тек құрғақ матамен

тазалаңыз, жүйелі күтім жасау үшін, беттеріндегі

кірді абайлап сүртіңіз, Бұл үшін жұмсақ матаны

пайдаланыңыз.

Сақтандыру!

Панель арнайы өңделген және де оңай зақымданатындықтан,

дисплейдің бетін ерекше абайлап сүртіңіз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: