Қашықтықтан басқару пульті – Инструкция по эксплуатации haier LE32C600

Страница 51

Advertising
background image

15

Қашықтықтан басқару пульті

Төмендегі түймешікті басу арқылы:

Келесі нəтижеге қол жеткізесіз:

TEXT (МƏТІН)

Телемəтін режимін шақыру не одан шығу үшін пайдаланылады. Қысқа сипаттама

қолжетімді пунткілер тізімімен бірге пайда болады. Əр пунктіге сəйкес үш таңбалы

номер тағайындалады. Егер таңдалған арна телемəтін таратпайтын болса,

100 белгісі көрсетіледі, ал экран бос күйінде қалады (бұл жағдайда телемəтінді

жауып, басқа арнаны таңдаңыз).

INDEX (ИНДЕКС)

Мазмұн бетіне оралу (əдетте 100-бет).

SUB PAGE (ІШКІ БЕТТЕР)

Кейбір беттер автоматты түрде ретпен көрсетілетін ішкі беттерді қамтиды. Бұл

түймешік ішкі беттерді жүктеуден бас тарту немесе жүктеуді жалғастыру үшін

пайдаланылады. Белгі жоғарғы сол жақта пайда болады.

HOLD (БЕКІТУ)

Бетті бекітуге арналған.

REVEAL (АШУ)

Жасырын ақпаратты көрсетуге немесе жабуға (ойын шешімдері) арналған.

LIST (ТІЗІМ)

Пайдаланушы төрт таңдаулы бетті төрт түрлі түсті түймешікке орната алады. Тізім

режимі белсенді кезде TOP (ЖОҒАРЫ) немесе FLOW (АҒЫМ) жылжыту

түймешіктерін түрлі түсті түймешіктермен бірге пайдалануға болмайды. Жүйе

бағдарламалық жасақтамасы таңдаулы беттердің номерлерін əр арна үшін қуатқа

тəуелді жадқа сақтау керек жəне одан қайта сақтау керек.

SIZE (ӨЛШЕМ)

Бетті ұлғайтуға арналған.

MIX (АРАЛАС)

Телемəтінге мөлдір фон орнатуға арналған.

БЕТТІ ТАҢДАУ

0 – 9 немесе жоғары/төмен түймешіктерін пайдалану арқылы қажетті бет номерін

енгізіңіз. Мысалы: 120-бет керек, 120 санын енгізіңіз. Номер жоғарғы сол жақта

көрсетіледі, индикатор ауысады да, бет көрсетіледі. Осы операцияны басқа бетті

қарау үшін қайталап орындаңыз. Егер индикатор іздеуді жалғастырса, демек, ол

бет таратылмайды. Басқа номерді таңдаңыз.

ПОЗИЦИЯЛАРҒА ТІКЕЛЕЙ ҚОЛ

ЖЕТКІЗУ

Экранның төменгі жағында түрлі түсті көрсету. 4 түрлі түсті түймешік объектілерге

немесе сəйкес беттерге қол жеткізу үшін пайдаланылады. Егер объект немесе бет

қолжетімді болмаса, түрлі түсті облыстар жыпылықтап тұрады.

CH+

CH-

Advertising