Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации haier LE32C600

Страница 42

Advertising
background image

6

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Назар аударыңыз!
Пайдаланудың алдында нұқсаулықтың барлық

нұсқауларын оқып шығып, оны алдағы қолданыс үшін

сақтап қойыңыз.
Электр тогы соқпас үшін артқы қақпақты ашпауды баса

мән беріп ұсынамыз, себебі онда пайдаланушы жөндей

алатын компоненттер жоқ. Қажет болған жағдайда

авторизацияланған қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.
• Үшбұрыш ішіндегі найзағай белгісі: Абай болмаған

жағдайда туындауы ықтимал қауіп жоғары кернеуден

ауыр жарақат алуға әкеп соқтыруы мүмкін.

• Үшбұрыш ішіндегі леп белгісі: Маңызды бөлікті

немесе аксессуарды ауыстыру қажет болған жағдайда

техникалық құжаттаманы басшылыққа алу қажет.

Назар аударыңыз!
Өртті немесе электр тогынан зақымдануды болдырмас

үшін, теледидарды жоғары ылғалдылық жағдайында

пайдаланбаңыз. Экранды сызып кетпеу не ұрып алмау

үшін аса абай болу керек. Желдеткіш саңылауларды

заттармен, мысалы, газетпен, дастарқанмен, пердемен

және т.б. заттармен жаппаңыз.
• Теледидарды пайдаланудың алдында осы нұқсаулықты

мұқият оқып шығып, оны алдағы қолданыс үшін сенімді

жерде сақтап қоюыңызды сұраймыз.

• Теледидар жұмысының оңтайлы режимін қамтамасыз

ету мақсатында осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият

оқып шығып, алдағы қолданыс үшін сақтап қойыңыз.

• Экранға шығатын ақпарат пен пайдаланушы

нұсқаулығындағы суреттер техникалық жақсартулар

нәтижесінде бір-бірінен біраз өзгеше болуы мүмкін.

1. Құрылғы құлау немесе өртену нәтижесінде

зақымдалмас үшін, оны нығайтын бекіту қажет.

2. Өртену қаупін болдырмас үшін бұл құрылғыны тікелей

күн сәулесінің астында немесе жылу көзінің жанында

пайдаланбаңыз.

3. Құрылғыны су не май жанына орналастырмаңыз, бұл

өртену қаупін тудыруы мүмкін.

4. Нөсер жауында, әсіресе, найзағай ойнағанда

құрылғыны электр қорегінің көзінен ажыратыңыз.

5. Зақымдалған немесе бұрын пайдаланылған желілік

ашаларды қолданбаңыз және электр тогы соқпас үшін

немесе өрт қаупін тудырмас үшін, электр бауын жылу

көзінің жанына орналастырмаңыз.

6. Өрт қаупін тудырмас үшін тым көп құрылғыны бір

уақытта немесе бір розеткаға ұзартқыш арқылы

қоспаңыз

7. Құрылғы құламас үшін орнықты жерге

орналастырылуы керек.

Advertising