Өнім күтімі және жөндеу жұмыстары, Ескерту, Телефонды тиімді түрде пайдалану – Инструкция по эксплуатации LG GU200

Страница 72

Advertising
background image

21

• Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін Меншікті сіңіру коэффициенті немесе

МСК деп аталатын шама бірлігі қолданылады. Меншікті сіңіру коэффициенті

(МСК) сынақтары стандартты әдістер бойынша барлық пайдаланыстағы жиілік

жолақтарындағы ең жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейінде телефоннан сигнал

жіберу арқылы жүргізіледі.

• Әртүрлі LG телефон үлгілерінің МСК деңгейлері арасында айырмашылықтар

болса да, олардың барлығы радиотолқындар әсері бойынша керекті

нұсқауларға сәйкес келетін етіп жобаланған.

• Ионды болмаған радиациядан қорғау халықаралық комиссиясы (ICNIRP)

ұсынған SAR шектеуі дене ұлпасының 10 гр бойынша орташаланған 2 Вт/кг

құрайды.

• DASY4 арқылы тексерілген осы телефон үлгісінің ең жоғары SAR мәні құлақтың

жанында: 0,444 Вт/кг (10 гр), ал денеге кигенде: 0,512 Вт/кг (10 гр).

• Электрлік және электрондық инженерия институты (IEEE) ұсынған МСК

шектеуін қабылдаған елдердің/аймақтардың халқы үшін МСК деректік ақпараты

дене ұлпасының бір (1) грамына орташа 1,6 Вт/кг құрайды.

Өнім күтімі және жөндеу жұмыстары

ЕСКЕРТУ

Белгілі бір телефон үлгісі үшін мақұлданған батарея, зарядтағыш және көмекші

құралдарды ғана пайдаланыңыз. Кез келген басқа түрлерді пайдалану телефон

мақұлдауын немесе кепілдігін жоюы және қауіпті болуы мүмкін.
• Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет болған кезде

білікті қызмет көрсету маманына апарыңыз.

• Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан аулақ жерде

ұстаңыз.

• Құрылғыны радиатор немесе ошақ сияқты жылыту көздерінен аулақ жерде

сақтау керек.

• Жерге тастамаңыз.
• Бұл құралды сілкілемеңіз немесе ұрмаңыз.
• Телефон орауышпен немесе винил орауышпен қапталса, оның корпусына

зақым тиюі мүмкін.

• Құрылғының сыртын тазалау үшін, құрғақ шүберек пайдаланыңыз. (Жанар май,

сұйықтандырғыш немесе алкоголь сияқты ерітіндіні пайдаланбаңыз.)

• Осы құрылғыны шамадан тыс түтін немесе шаңға шығармаңыз.
• Телефонды кредит картасы немесе көлік билеттері жанында ұстамаңыз; ол

магнитті жолдағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.

• Экранды өткір затпен түртпеңіз, әйтпесе, телефонға зақым келуі мүмкін.
• Телефонды сұйықтыққа немесе ылғалдылыққа шығармаңыз.
• Құлақаспап сияқты қосымша құралдарды пайдаланғанда сақ болыңыз.

Антеннаны себепсіз баспаңыз.

Телефонды тиімді түрде пайдалану

Электрондық құрылғылар
Барлық ұялы телефондардың жұмыс жасауына кедергі болатын әсерлер болуы

мүмкін.
• Телефонды рұқсатсыз медициналық жабдықтардың жанында пайдаланбаңыз.

Телефонды кардиостимулятор үстіне қоймаңыз, мысалы, төс қалтаға

салмаңыз.

GU200-CIS.indb 21

8/30/10 5:17:11 PM

Advertising