Параметрлер, Құралдар, Органайзер – Инструкция по эксплуатации LG GU200

Страница 64: Fm радиосы

Advertising
background image

13

Параметрлер

Ол дисплей, қауіпсіздік, жад сияқты және телефонға байланысты кез келген

қосымша параметрлерді орнатуға және өзгертуге мүмкіндік береді.
Пішіндер: телефонның дыбыс пішіндерін теңшеуге мүмкіндік береді.
Күн мен уақыт: телефонның күн мен уақыт параметрлерін теңшеуге мүмкіндік

береді.
Тіл: қалаған дисплей тілін таңдауға мүмкіндік береді.
Дисплей: телефонның дисплейін теңшеуге мүмкіндік береді.
Қоңырау: қоңыраулар параметрлерін конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Пернетақтаны автоқұлыптау: біраз уақыттан кейін пернелер тақтасын

құлыпталатын етіп орнатуға болады.
Қауіпсіздік: GU200 телефонын және ондағы маңызды ақпаратты қорғау үшін

қауіпсіздік параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Қуатты үнемдеу: Always on («Әрқашан қосулы») параметрін орнатсаңыз,

телефонды пайдаланбаған кезде, батарея қуатын үнемдеуге болады.

Always

on («Әрқашан қосулы»), Night only («Түнде ғана») немесе Off («Ажыратылған»)

қуатты үнемдеу параметрлерінің біреуін таңдаңыз.

FM радиосы

Телефонда FM радиосы мүмкіндігі бар. Осылайша, қозғалып бара жатқанда

тыңдау үшін таңдаулы станцияларды қосуға болады.
1 Құлақаспапты телефонға қосыңыз. (Құлақаспап ұясы мен зарядтау

құрылғысының ұясы бірдей).

2 Ортаңғы шарлау түймесін басып, Media > FM Radio («Медиа» > «FM радиосы»)

опциясын таңдаңыз.

3 Тыңдағыңыз келетін станцияның арна нөмірін таңдаңыз.

Ескерім:

GU200 құрылғысы сымсыз FM радиосын қолдайды. Қалыпты жағдайда FM

радиосын тыңдау үшін, құлақаспапты жалғаудың қажеті жоқ. FM радиосының сигналы

әлсіз болатын жерде сымсыз және антенна режимдерінде радио сигналын қабылдау

сезімталдығы азаюы мүмкін. Сондықтан FM радиосы толқынының сапасын арттыру

үшін, құлақаспап қолданған жөн.

Құралдар

Құралдар жалған қабылданған қоңырау жасауға, оңай математикалық есептерді

шешуге, әлемдік уақытты тексеруге, бірліктерді түрлендіруге, қолданбаны

белгілеуге және секунд есептегішті пайдалануға мүмкіндік береді.

Ортаңғы шарлау түймесін басып,

Tools («Құралдар») мәзірін таңдаңыз.

Органайзер

Органайзер дабылдарды орнатуға, күнтізбені көруге және еске салғыштарды

қосуға мүмкіндік береді.

Ортаңғы шарлау түймесін басып,

Organiser («Органайзер») мәзірін таңдаңыз.

GU200-CIS.indb 13

8/30/10 5:17:10 PM

Advertising