Инструкция по эксплуатации Bosch PSR 7,2 LI

Страница 98

Advertising
background image

1 609 92A 09F | (8.7.13)

Bosch Power Tools

98 | Қaзақша

қажет. 230 В белгісімен белгіленген зарядтау құралдарымен 220 В
жұмыс істеуге болады.

Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.
Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз ету үшін пайдалану алдында
аккумуляторды зарядтау құрылғысында толығымен зарядтаңыз.

Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез
келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу
аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.

Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection (ECP)“ арқылы
терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса
электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы
аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті

басқа баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.

Зарядтау әдісі зарядтау құралының желі айыры розетқаға салынып
аккумуляторлық бұрауыш зарядтау құралына 11 салынғаннан соң
басталады.

Аккумуляторды зарядталу күйінің индикаторы 5 зарядталу күйін
көрсетеді. Зарядтау әдісінде көрсеткіш жасыл реңде жыпылықтайды.
Индикатор үздіксіз жасыл реңде жанса аккумулятор толық зарядталған
болады.

Зарядтау әдісінде электр құралының тұтқасы қызып кетеді. Бұл қалыпты
жағдай.

Ұзақ уақыт пайдаланбаса зарядтау құралын тоқ желісінен ажыратыңыз.

Электр құралын зарядтау кезінде пайдалануға болмайды және зарядтау
кезінде істемесе бұзылған болып табылмайды.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Жұмыс құралын ауыстыру (В суретін қараңыз)

25 мм-ден ұзын болған 2-жақтық бұрауыш жүздерін

пайдаланбаңыз.

Қондырма битаны 1 тікелей аспап патронына 2 салыңыз.

OBJ_BUCH-809-005.book Page 98 Monday, July 8, 2013 3:56 PM

Advertising