Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 230 HS

Страница 88

Advertising
background image

Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)

22

Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, көк жақтау пайда болса ше?
Қозғалып тұрған нысан анықталғанда, көк жақтау көрсетіледі; дəлдеу мен
экспозиция оған тəуелді өзгеріп отырады (Еретін AF).

Егер жыпылықтаған

белгішесі көрсетілсе ше?

Камераның қозғалуынан кескіндер анық болмай шықса, оны үштағанға орнатыңыз.

Егер камера ешқандай дыбыстық сигнал шығармаса ше?
Камераны қосу кезінде

p түймесі ұзақ басылып, нəтижесінде ескерту сигналдарынан

басқа барлық дыбыстық сигналдар өшірілген болуы мүмкін. Дыбыстарды қосу үшін

n түймесін басып, 3 қойындысынан [Тихо/Үнсіз] тармағын таңдаңыз, содан кейін

qr түймелерінің көмегімен [Выкл./Өшіру] мəнін таңдаңыз.

Кескін жарқылдақ қосылса да күңгірттеніп шықса ше?
Нысан тым алыс орналасқан, сондықтан жарқылдақтың жарығы оған жетпейді.
Жарқылдақтың əсер беретін радиусы - ең кең бұрышты қалыпта шамамен 50 см –
4 м (

j) жəне ең жоғары деңгейлі телефото қалпында шамамен 50 см – 2,0 м (i).

Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, бір дыбыстық сигнал
берілсе ше?
Нысанмен арадағы қашықтық тым қысқа болуы мүмкін. Камераның объективі ең кең
бұрышты қалыпта (

j) тұрса, объективтен алыстаңыз. Оған дейінгі арақашықтық 1 см

шамасынан аз болмау керек. Енді түсіре беруге болады. Камераның объективі ең
жоғары деңгейлі телефото қалпында (

i) тұрса, объективтен алыстаңыз. Оған дейінгі

арақашықтық шамамен 1 м аз болмау керек.

Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, жарық жанса ше?
«Қызыл көз» əсерін азайтып, жарық жетпейтін жерлерде дəлдеу оңай болу үшін,
жарық жануы мүмкін.

Егер түсірейін дегенде,

h белгішесі жыпылықтаса ше?

Жарқылдақ зарядталады. Зарядталып болғанда, түсіре беруге болады.

Экранда көрсетілетін белгішелер

Экранда анықталған сюжеттің жəне кескінді тұрақтандыру режимінің белгішесі
көрсетіледі. Көрсетілетін белгішелер туралы толық ақпаратты «Значки сюжетов/
Сюжет белгішелері» ([Руководство пользователя камеры/Камераның
пайдаланушы нұсқаулығы]
) жəне «Значки режимов стабилизации изображения/
Кескінді тұрақтандыру режимдерінің белгішелері» ([Руководство пользователя
камеры/Камераның пайдаланушы нұсқаулығы] ішінен қараңыз
).

Дəлденетін нысанды таңдау (Алып жүретін АФ)

o түймесін басып,

жақтауы көрінген соң, камераны

жақтауы дəлденетін

нысанда тұратындай етіп ұстаңыз. Ысырманы түсіру түймесін жартылай басып, сол
күйінде көк жақтау пайда болғанша ұстап тұрыңыз. Сол жақтау бойынша дəлдеу
жəне экспозиция орындалады (Еретін AF). Толық түсіру үшін, ысырманы түсіру
түймесін басыңыз.

Advertising