Қолдауы бар жад карталары (бөлек сатылады), Eye-fi карталары туралы – Инструкция по эксплуатации Canon IXUS 230 HS

Страница 76

Advertising
background image

Қолдауы бар жад карталары (бөлек сатылады)

10

Төменде берілген карталарды көлемін шектемей қолдана беруге болады.

SD* жад карталары

SDHC* жад карталары

SDXC

* жад карталары

Eye-Fi карталары

* Бұл жад картасы SD стандарттарына сəйкес келеді. Үлгісіне байланысты кейбір карталар

дұрыс істемеуі мүмкін.

Бұл құрылғы Eye-Fi картасының барлық (соның ішінде сымсыз жіберу)
функцияларын қолдай бермеуі мүмкін. Eye-Fi картасын пайдалануда
қиындықтар болса, картаның өндірушісімен кеңесіңіз.
Сонымен қатар Eye-Fi картасын пайдалану үшін көп елдерде арнайы
рұқсат (рұқсатсыз картаны пайдалануға тыйым салынған) қажет екенін
ескеріңіз. Бұл картаны пайдалану рұқсаты бар ма екенін білу үшін,
картаның өндірушісімен кеңесіңіз.

Аккумулятор мен зарядтау құрылғысын тиімді пайдалану

Аккумуляторды пайдаланылатын күні немесе одан сəл
бұрын зарядтаңыз.
Зарядталған аккумуляторлар қолданылмаса да, табиғи
өзіндік разрядтан отырады.
Қақпақты зарядталған аккумулятордың үстіне
қойғанда, S белгісі көрініп тұру керек.

Аккумуляторды ұзақ сақтау тəртібі.
Аккумуляторды отырғызып, камерадан шығарыңыз. Клеммалардың
қақпағын жауып, аккумуляторды бөлек қойыңыз. Зарядталмаған
аккумуляторды ұзақ уақыт (1 жылдай) сақтаса, оның жарамдылық мерзімі
қысқаруы немесе сипаттамалары нашарлауы мүмкін.

Зарядтау құрылғысын басқа елдерде де пайдалануға болады.
Зарядтау құрылғысын кернеуі 100 – 240 В айнымалы ток (50/60 Гц)
болатын аймақтарда қолдануға болады. Штепсельдік ұш розеткаға сəйкес
келмесе, арнайы адаптер сатып алыңыз. Шетелге шыққанда, электр
трансформаторларын қолданбаңыз – бұл құрылғыны зақымдайды.

Қолдауы бар жад карталары (бөлек сатылады)

Компьютердің амалдық жүйесіне байланысты SDXC жад карталары
сатылатын жад карталарын оқу құралдарымен де танылмауы мүмкін.
Амалдық жүйе SDXC жад карталарын қолдайтынын алдын ала тексеріп
алыңыз.

Eye-Fi карталары туралы

Advertising