Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF47020WR

Страница 4

Advertising
background image

• Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда,

түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген

екі қабат қаптамадан тұрады жəне

қауіпсіздік клапанымен жабдықталған.

Су құятын түтікте тек су құйылған

кезде ғана қысым пайда болады. Су

құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік

клапаны ағып жатқан суды тоқтатады.

– Су құятын түтікті жалғаған кезде

абай болыңыз:

– Су құятын түтікті немесе

қауіпсіздік клапанын суға

батырмаңыз.

– Су құятын түтік немесе қауіпсіздік

клапаны бүлінсе, ашаны дереу

розеткадан суырыңыз.

– Қауіпсіздік клапаны бар түтікті

ауыстыру үшін қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

Назарыңызда болсын! Қатерлі

кернеу.

Электртоғына қосу
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу

қажет.

• Техникалық ақпарат

тақтайшасындағы электр

параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз

жеткізіңіз.

• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр

қатерінен сақтандырылған розетканы

қолданыңыз.

• Көп тармақты аша мен ұзартқыш

сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі

бар.

• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе

өзгертпеңіз. Қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

• Құрылғының арт жағындағы аша мен

қорек сымының жаншылып немесе

бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол

жететін жерде тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Құрылғыны ажырату үшін қуат

сымынан тартпаңыз. Əрқашан

ашасынан тартып ажыратыңыз.

Қызмет көрсету орталығы
• Құрылғыны тек уəкілетті техник ғана

жөндеуге немесе оған қатысты

жұмыстарды орындауға тиіс. Қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді

ғана қолданыңыз.

Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке

зиян келмес үшін:

– Ашаны розеткадан ағытыңыз.

– Қуат сымын кесіп алыңыз да,

қоқысқа тастаңыз.

– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.

Бұл балалар мен үй жануарлары

құрылғыға кіріп қамалып қалмас

үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі

бар.

– Құрылғыны жергілікті қоқыс

тастайтын жерге тастаңыз.

Назарыңызда болсын! Ыдыс

жуғыш машинаға арналған жуғыш

заттар қауіпті жəне тоттандыруы

мүмкін !

• Егер осы жуғыш заттардан болып

оқыс жағдай орын алса, дереу

дəрігерге хабарласыңыз.

• Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе

дереу дəрігерге хабарласыңыз.

• Жуғыш зат көзге түсіп кетсе,

дереу дəрігерге хабарласыңыз

жəне көзіңізді сумен шайыңыз.

• Ыдыс жуғыш машинада

қолданылатын жуғыш заттарды

қауіпсіз, балалардың қолы

жетпейтін жерде сақтаңыз.

• Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш

зат болған кезде, құрылғының

есігін ашық қалдырмаңыз.

• Жуғыш зат үлестіргішін жуу

бағдарламасын бастардың

алдында ғана толтырыңыз.

4 electrolux

Advertising