Мульти таб функциясы – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF47020WR

Страница 10

Advertising
background image

3. Жуу бағдарламасының алдын ала

жуу циклі бар болса, құрылғы

есігінің ішкі бетіне жуғыш заттан аз

ғана салыңыз.

4. Құрама жуғыш таблеткаларды

қолдансаңыз, оларды жуғыш зат
үлестіргішіне салыңыз

1

.

5. Жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз.

Қақпағын өз орнына түскенше

басыңыз.

Жуғыш таблеткаларды қолданған

кезде ұзақ жуу бағдарламаларын

қолданыңыз. Себебі қысқа жуу

бағдарламалары таблеткаларды

толық еріте алмайды жəне жуу

нəтижесін төмендетеді.

Шаю бұйымдары

Шайғыш зат ыдыстарды ешбір

жолақ немесе дақ қалдырмай

кептіруге мүмкіндік береді.

Шайғыш зат үлестіргіші соңғы шаю

циклі кезінде шайғыш затты

автоматты түрде қосады.

Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін

мына əрекеттерді орындаңыз:

1. Шайғыш зат үлестіргіштің

6

қақпағын ашу үшін

5

босататын

түймешікті басыңыз.

2. Шайғыш зат үлестіргішті

3

шайғыш

затпен толтырыңыз. 'max'

таңбаламасы ең үлкен мəнді

көрсетеді.

3. Жуу бағдарламасы орындалған

кезде, төгіліп қалған шайғыш зат

қатты көпіршімес үшін сіңіргіш

шүберекпен тазалап алыңыз.

4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз.

Қақпағын өз орнына түскенше

басыңыз.

Шайғыш заттың үлестірілетін

мөлшерін белгілеңіз
Зауытта мына мəн орнатылған: 3.

Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін

1 (ең аз) жəне 4 (ең көп) мəндерінің

біріне қоюға болады.
Шайғыш заттың мөлшерін

4

көбейту

немесе азайту үшін шайғыш зат тетігін

бұраңыз.

МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ

Multitab функциясы құрама жуғыш

таблеткаларға арналған.

Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш

зат, шайғыш зат жəне ыдыс жуғыш

машинаға арналған тұз бар. Кейбір

таблеткаларда басқа да жуғыш заттар

болады.

Бұл таблеткалардың тұратын

жеріңіздегі судың кермектігіне (жуғыш

құралдардың орамындағы нұсқауларға

қараңыз) сай келетініне көз жеткізіңіз.

Multitab функциясы шайғыш зат пен

тұзды ағызбай тоқтатып тастайды.

Multitab функциясы тұз бен шайғыш зат

индикаторларын сөндіреді.

Multitab функциясын қолданғанда,

бағдарлама уақыты ұзарады.

Multitab функциясын жуу

бағдарламасын бастамай тұрып

қосыңыз не өшіріңіз. Жуу

бағдарламасы жұмыс жасап тұрған

кезде, функцияны қосып не өшіре

алмайсыз.

Multitab функциясын қосу
• Multitab түймешігін басыңыз, multitab

индикаторы жанады. Функция қосулы.

– Multitab функциясын орнатсаңыз,

ол қайта өшіргенше қосулы тұрады.

Multitab функциясын өшіріп, жуғыш

зат, тұз бен шайғыш затты жеке-жеке

пайдалану үшін
1. Multitab түймешігін басыңыз, multitab

индикаторы сөнеді. Функция сөнеді.

2. Тұз сауыты мен шайғыш зат

үлестіргішін толтырыңыз.

3. Судың кермектігін ең үлкен мəнге

қойыңыз.

4. Жуу бағдарламасын ыдыс салмай

орындаңыз.

5. Жуу бағдарламасы аяқталған кезде,

су жұмсартқышты тұратын

жеріңіздегі судың кермектігіне

қойыңыз.

6. Шайғыш заттың қосылатын

мөлшерін реттеңіз.

10 electrolux

Advertising