Қазақ – Инструкция по эксплуатации MAXWELL MW-3801 W

Страница 21

Advertising
background image

21

ҚазаҚ

8.

«Сорпа», «Көже», «Буға пісіру» және «Бұқтыру» бағдарламаларындағы пісіру уақыты

өзгертілмеген күйде белгіленген, бірақ белгіленген ауқым шегінде өзгертілуі мүмкін. Пісіру

ұзақтығын баптау үшін «Уақытты белгілеу» батырмасын (27) бір рет басыңыз, ал содан кейін

пісіру ұзақтығын «Сағаттар» (21) және «Минуттар» (23) батырмаларымен белгілеңіз.

9.

Кейінге қалдырылған старт қызметін баптаңыз. Кейінге қалдырылған старт қызметін баптау

үшін «Кейінге қалдырылған старт» батырмасын (31) басыңыз, көрсеткішке (28) қарсы бағдар

жанады. Содан кейін «Сағаттар» (21) және «Минуттар» (23) баытрмаларымен тағам пісіп

болатын уақытты белгілеңіз.

Ескерту: Баптау қадамы - 5 минут.

Жедел пісіре бастау үшін 9 қадамын қалдырып кетіңіз.

Мысал: Егер таңдалған бағдарламаның ұзақтығы 30 минут болса, ал тағам 7:30 қарай

пісірілу керек болса, онда құрылғы 7:00 дейін күту режимінде болады (ағымдағы уақыт пен

белгіленген кейінге қалдыру уақыт көрсетілімдері әр минут сайын өзгереді). Содан кейін

пісіру процесі басталады (дисплейде (2) пісірі ұзақтығы көрсетілімдері пай болады, және кері

санақ басталады). Пісіру процесі 7:30 қарай аяқталады.

10.

«Старт/Стоп» батырмасын (25) бір рет басыңыз, Көрсеткіш (24) жанады.

Ескерту: Пісіру процесінде қалған пісіру уақыты/кейінге қалдыру уақыты және

ағымдағы уақыт әрбір минут сайын өзгеріп отырады.

Егер пісіру процесінде апатты электрқорегінің сөнуі болса, құрылғы пісіру

бағдарламасының баптауларын 40 минут бойы сақтайды. Егер қоректендіру 40

минут ішінде қалпына келсе, құрлығы автоматты жұмысын жалғастырады. Егер

электр энергияның апатты сөнуі 40 минуттан асып кетсе, құрылғыны қайта

бағдарламалауды жүзеге асырыңыз.

11. Пісіру процесінде тағамдардың пісуін байқаңыз, қажет болғанда тағамдарды пластик

ожаумен (16) немесе күюге қарсы қабатпен пайдалануға арналған қалақпен араластырыңыз.

Назар аударыңыз! Буға және майға күйіп қалмау үшін, мультипісіргіш қақпағын (5)

ашқанда, өте сақ болыңыз, Құрлығы үстінен төнбеңіз және қолыңызды тостағанның

(12) үстінен созбаңыз!

Тостағанды (12) тырнай алатын немесе жарықтардың пайда болуына әкеле алатын металл

заттарды пайдаланбаңыз.

Пісіру уақытында мультипісіргіш қақпағын (5) ашпаңыз.

12.

Пісіру аяқталғаннан кейін, 5 дыбыстық сигнал шығады, құрылғы температураны сақтау

режиміне көшеді, көрсеткіш (20) жанады.

Ескерту: Құрылғы піскен тағамның температурасын 24 сағатқа дейін сақтай

алатынына қарамастан, тамақты бұл режимде көпке қалдыру ұсынылмайды, себебі

бұл тағамдардың бүлінуіне әкелуі мүмкін.

Температураны сақтау режимін тағамдарды ысыту үшін пайдаланбаңыз.

Тағамдарды буға пісіруді аяқтағаннан кейін тағамдарды қолмен шығармаңыз,

асханалық жабдықтарды пайдаланыңыз.

13.

Температураны сақтау қызметін болдырмау үшін «Старт/Стоп» батырмасын (25) бір рет

басыңыз, көрсеткіш (24) жанып-сөне бастайды.

тазалау және күтімі

Желілік баудың айыртетігін ашалықтан суырыңыз және құрылғыға салқындауға уақыт беріңіз.

Корпус (1) пен қақпақты (5) дымқыл матамен сүртіңіз.

mw-3801.indd 21

22.05.2012 14:20:59

Advertising