Бірінші қолдану, Əркүндік қолдану, Пештің ішін тазалау – Инструкция по эксплуатации AEG SCN71800F0

Страница 12: Жаңа тағамды мұздату, Мұздатылған тағамды сақтайтын камера

Advertising
background image

БІРІНШІ ҚОЛДАНУ

Пештің ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші мен барлық ішкі керек-жарақтарын,

аздап нейтрал сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы əдетте жаңа затқа тəн

келетін иісті кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі бұндай заттар

құрылғының қаптамасын бүлдіреді.

Егер бейнебетте “dEMo” көрсетілсе, құрылғы демо-режимде тұрады: "КЕЛЕСІ

ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК..." тарауын қараңыз.

ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған жəне мұздатылған

тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін FROSTMATIC функциясын, мұздатылатын тағамды

мұздатқыш камераға қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды суретте

көрсетілгендей "X" камерасына қойыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі

техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген

басқа тағамды қосып салмаңыз.

Мұздатылған тағамды сақтайтын камера

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқан кезде,

тағамды мұздатқыш камераға салмай тұрып құрылғыны жоғары параметрлерге қойып

кем дегенде 2 сағат қосып алыңыз.

12

Бірінші қолдану

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: