Бала қауіпсіздігі функциясы, Minute minder функциясы – Инструкция по эксплуатации AEG SCN71800F0

Страница 11

Advertising
background image

Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан кейін (есік жабылғанда), дыбыстық сигнал

тоқтайды.

Ескерту сатысында кез келген түймешікті басып ескерту сигналын ажыратуға болады.

Бала қауіпсіздігі функциясы

Түймешіктер байқаусызда іске қосылып кетпес үшін, бала қауіпсіздігі функциясын

таңдаңыз.

Функцияны іске қосу үшін:
1. Тиісті белгіше пайда болғанша, Mode түймешігін басыңыз.
2. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтайды.
3. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.

Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы көрсетіледі.

Функцияны ажырату үшін:
1. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы жыпылықтағанша, Mode түймешігін

басыңыз.

2. Құптау үшін, OK түймешігін басыңыз.
3. Бала қауіпсіздігі функциясының индикаторы сөнеді.

Minute Minder функциясы

Minute Minder функциясы дыбысты сигналды қажетті кезде орнату үшін қолданылады,

мысалы, рецепт бойынша пісіргенде қоспаны белгілі бір уақыт ішінде суытып алу

қажет болса, немесе мұздатқышқа жылдам суыту үшін қойылған шөлмектерді ұмытып

кетпеу үшін ескерту сигналы қажет болған кезде қолданылады.

Функцияны іске қосу үшін:
1. Mode түймешігін тиісті белгі көрсетілгенше басыңыз.

Minute Minder индикаторы жыпылықтайды.
Таймер орнатылған мəнді (30 минут) бірнеше секунд көрсетіп тұрады.

2. Таймердің орнатылған мəнін 1 мен 90 минут аралығында өзгерту үшін таймер

тетігін басыңыз.

3. OK түймешігін басып құптаңыз.

Minute Minder индикаторы көрсетіледі.
Таймер жыпылықтай бастайды (min).

Кері санақ аяқталған кезде Minute Minder индикаторы жыпылықтайды да, дыбысты

сигнал естіледі.
1. Мұздатқыш камерадағы сусындарды алыңыз.
2. Дыбыстық сигналды сөндіру жəне функцияны біржола тоқтату үшін OK түймешігін

басыңыз.

Функцияны кері санақ орындалып тұрған кезде, кез келген уақытта ажыратуға болады.
1. Mode түймешігін Minute Minder индикаторы жыпылықтағанша басыңыз.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
3. Minute Minder индикаторы сөнеді.

"Суығырақ температура" түймешігі мен "Жылырақ температура" түймешігін басып,

уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде жəне аяқталған кезде өзгертуге болады.

Басқару панелі

11

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: