Бірінші қолданғанға дейін, Пештің үсті - күнделікті пайдалану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG560MW

Страница 7

Advertising
background image

Бірінші қолданғанға дейін

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік

туралы мағлұматтар" тарауын

қараңыз.

Пешті пайдаланбас бұрын, оның ішкі

және сыртқы орам материалдарының

барлығын алыңыз. Техникалық ақпарат

тақтайшасын алмаңыз.

Сақтандыру туралы ескерту! Пештің

есігін әрқашан тұтқасының ортасынан

ұстап ашыңыз.

Алғашқы тазалау

• Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың

барлығын алыңыз.

• Құрылғыны ең алғаш пайдаланардың

алдында тазалаңыз.

Сақтандыру туралы ескерту! Жеміргіш

тазалағыштарды қолданбаңыз!

Бұндай заттар құрылғының бетін бүлдіруі

мүмкін. "Күтім көрсету және тазалау"

тарауын қараңыз.

Алдын ала қыздыру

мен максимум температураны

орнатыңыз да, пештің ішінде қалған

қалдықты күйдіріп жою үшін, ішіне еш

нәрсе салмай 45 минут қыздырыңыз.

Пештің керек-жарақтары оны қалыпты

жағдайда пайдаланған кездегіден де

қызып кетуі мүмкін. Осы кезде жағымсыз

иіс шығуы ықтимал. Бұл қалыпты жағдай.

Бөлмені жақсы желдетіңіз.

Пештің үсті - Күнделікті пайдалану

Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік

туралы мағлұматтар" тарауын

қараңыз.

Оттықты тұтату

Назарыңызда болсын! Ас үйде ашық

отты пайдаланған кезде өте абай

болыңыз. Жалын дұрыс пайдаланылмаған

жағдайда, өндіруші жауапкершілік

көтермейді

Оттықты әрқашан ыдысты қоймай

тұрып жағыңыз.

Оттықты жағу үшін:
1. Тиісті басқару тетігін шегіне дейін

басыңыз да, оны сағат бағытына қарсы

бұрап ең жоғарғы мәнге қойыңыз. .

Басқару тетігін басқанда, от алдырғыш

құрал автоматты түрде іске қосылады.

2. Басқару тетігін шамамен 10 секунд

басып ұстап тұрыңыз; бұл терморелені

жылытуға көмектеседі. Бұлай істемеген

жағдайда, газ өшіп қалады.

3. От бірқалыпты жанғаннан кейін, оның

жалынын реттеңіз.

Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық

жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс

тұрғанын тексеріңіз.

1

2

3

4

1

Оттықтың қақпағы

2

Оттық шілтері

3

От алдырғыш

4

Термореле

Назарыңызда болсын! Егер оттық 15

секундтан кейін жанбаса, басқару

түймешесін босатыңыз, оны өшірулі

қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1

минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып

көріңіз.

7

Advertising