Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG560MW

Страница 5

Advertising
background image

• Ыдыс кенет қисайып немесе ішіндегісі

төгілмес үшін пішімі мен диаметрі дұрыс,

орнықты ыдысты қолданыңыз. Күйіп

қалу қаупі бар.

Қақпақ

• Жабық тұрған қақпақ құрылғыны шаңнан

қорғайды, ашық тұрғанда шашыраған

майды жинайды. Оны басқа мақсатта

пайдаланбаңыз.

• Қақпақты әрқашан таза ұстаңыз.
• Қақпақты жаппай тұрып, құрылғының

суығанына көз жеткізіңіз.

• Ыстық қақпақ шытынап кетуі мүмкін.

Күту менен тазалау

• Жуып-тазалардың алдында құрылғының

суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу

қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы

мүмкін.

• Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз.

Жиналып қалған май не тағам

қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.

• Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның

беткі қабаты бүлінбейді.

• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және

мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны

тек сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш

заттарды немесе тот басуына себеп

болатын заттарды қолданбаңыз.

• Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары

қысыммен тазалайтын құралдармен,

өткір, түрпілі тазартқыш заттармен,

түрпілі жөкелермен және дақ

кетіргіштермен тазаламаңыз

• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны

өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.

Қыздырғыш элементтері мен термостат

сенсорына ешбір затты бүрікпеңіз.

• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе

металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі

шыны панельдің қызуға төзімді беті

сынуы немесе шытынауы мүмкін.

• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан

келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.

Оларды міндетті түрде ауыстыру керек.

Қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

• Құрылғының есігін алған кезде абай

болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.

• Осы құрылғыда тек тұрмыстық

құрылғыларда пайдалануға арналған

арнайы шамдар ғана қолданылған.

Оларды бөлмені жартылай немесе

толықтай жарықтандыру үшін қолдануға

болмайды.

• Егер шамды ауыстыру қажет болса,

қуаты дәл осындай, тұрмыстық

құрылғыларға арналған шамды ғана

қолданыңыз.

• Тұмшапештің шамын ауыстырар

алдында құрылғыны электр желісінен

ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі бар.

Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу

қаупі бар.

Қызмет көрсету орталығы

• Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны

жөндеуіне немесе оған қатысты

жұмысты орындауына болады. Уәкілетті

қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді

ғана қолданыңыз.

Құрылғыны тастау

• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян

келмес үшін:
– Құрылғыны электр желісінен

ажыратыңыз.

– Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа

тастаңыз.

– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл

кішкентай балалардың немесе үй

жануарларының құрылғының ішіне

кіріп, қамалып қалуына жол бермейді.

Тұншығып қалу қаупі бар.

5

Advertising