Электртоғына қосу – Инструкция по эксплуатации AEG F65410M0P

Страница 6

Advertising
background image

• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған

құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз да, содан кейін су

құятын түтікті жалғаңыз.

• Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын немесе

бүлінбегенін тексеріңіз.

• Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік орнатылғанына көз

жеткізіңіз.

• Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік

клапанымен жабдықталған. Су құятын түтікте тек су құйылған кезде ғана қысым

пайда болады. Су құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды

тоқтатады.
– Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:

– Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.

– Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу розеткадан

суырыңыз.

– Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Назарыңызда болсын!

Қатерлі кернеу.

Электртоғына қосу

• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.

• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.

• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы

қолданыңыз.

• Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.

• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

• Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп

қалмағанына көз жеткізіңіз.

6

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: