Қосу/өшіру түймешігі, Бағдарлама нұсқаулығы, Program түймешігі – Инструкция по эксплуатации AEG F65410M0P

Страница 10: Бейнебет, Delay түймешігі, Start түймешігі

Advertising
background image

Индикатор шамдары

Тұз индикаторы. Бұл шам тұз сауытын толтыру қажет болған кезде жанады.

1)

Сауытты толтырғаннан кейін тұз индикаторы бірнеше сағат жанған қалпы

тұрады. Бұл құрылғының жұмысына теріс әсер етпейді.
Delay индикаторы. Бұл индикатор кешіктіріп бастау функциясын іске қосқан

кезде жанады.
Есік индикаторы. Бұл индикатор есік ашық тұрғанда немесе дұрыс

жабылмағанда жанады.

1) Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде тұз және/не шайғыш зат сауыттары босап қалса, тиісті

индикатор шамдар жанбайды.

Қосу/өшіру түймешігі

Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін осы түймешікті басыңыз.

Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін он минут өткеннен кейін, Auto Off функциясы

құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.

Бағдарлама нұсқаулығы

Бұл нұсқаулық жуу бағдарламасын таңдауға көмектеседі.

Program түймешігі

Бұл түймешікті жуу бағдарламасының индикаторы жанғанша қайта-қайта басыңыз.

'Жуу бағдарламалары' тарауын қараңыз.

Бейнебет

Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:

• Су жұмсартқыштың электрондық тәсілмен бапталған деңгейі

• Шайғыш зат үлестіргішін қосу және сөндіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда

ғана)

• Жуу бағдарламасының уақыты

• Жуу бағдарламасының соңына дейін қалған уақыт

• Жуу бағдарламасының аяқталуы (бейнебетте нөл көрсетіледі)

• Кешіктіріп бастау уақыты

• Ескерту кодтары.

Delay түймешігі

Жуу бағдарламасын 1-ден 24 сағатқа дейін кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті

қайта-қайта басыңыз.

Start түймешігі

Бастау үшін осы түймешікті басыңыз:

• Жуу бағдарламасы

• Кешіктіріп бастау параметрінің кері санағы.

10

Басқару панелі

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: