Бірінші қолдану, Әркүндік қолдану, Ішін тазалау – Инструкция по эксплуатации AEG SCN71800F0

Страница 12: Жаңа тағамды мұздату, Мұздатылған тағамды сақтайтын камера

Advertising
background image

БІРІНШІ ҚОЛДАНУ

Ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның

іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан

соң мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына

зиян келтіреді.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған

тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін FROSTMATIC функциясын, мұздатылатын тағамды

мұздатқыш камераға қоярдың алдында, кем дегенде 24 сағат бұрын қосыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды суретте

көрсетілгендей "X" камерасына қойыңыз.

24 сағат ішінде мұздатуға болатын тағамның ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі

техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген

басқа тағамды қосып салмаңыз.

Мұздатылған тағамды сақтайтын камера

Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт пайдаланбай барып іске қосқан кезде,

тағамды мұздатқыш камераға салмай тұрып құрылғыны жоғары параметрлерге қойып

кем дегенде 2 сағат қосып алыңыз.

Сақталатын тағамның мөлшері көп болса, құрылғының ішіндегі суырмалар мен

себеттердің барлығын алыңыз да, тоңазыту барысында жақсы нәтижеге жету үшін

салқындатқыш сөрелердің үстіне қойыңыз.

12

Бірінші қолдану

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: